Оразаға дейін арақ ішкен адамның дұғасы қабыл бола ма? – ҚМДБ жауап берді
Басқарма Рамазан айына дейін арақ ішсе оразасы қабыл бола ма деген сұраққа жауап берді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында ішімдік ішетіндерге ораза ұстауға бола ма деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құраннан үзінді келтіреді
"Кімде-кім шарап ішсе, оның намазы қырық күн қабыл болмайды", – делінген мүфтият хабарламасында.
Басқарма мәліметінше, намаз сауабының жоғалуы тәубе етпеуі және арақ ішуді доғармауына байланысты.
“Егер шынайы тәубе етсе, бұл жаза да оның мойнынан түсіріледі. Өйткені шынайы тәубе алдыңғы істеген күнә істі жояды. Осыған орай ораза ұстаушы Рамазан айынан екі күн бұрын арақ ішіп, соңынан шынайы тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Оның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай болады. Ал ораза ұстап арақ ішуін доғармаса, оразасы дұрыс болады, бірақ сауабы болмайды. Арақ ішкені үшін күнә арқалайды”, – делінген хабарламада.
Материал авторы