«Балалар әкесінің қайтқанын білмейді»: Жомарт шахтасында қаза тапқан кеншінің туыстары жағдайға компанияны кінәлады

Аиса Махамбет Редактор
20.02.2025, 11:33
1574
«Балалар әкесінің қайтқанын білмейді»: Жомарт шахтасында қаза тапқан кеншінің туыстары жағдайға компанияны кінәлады stan.kz

Марқұм бала-шағасын асырау үшін Түркістаннан Қарағандыға қатынап жұмыс істеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Жомарт" кенішінде ажал құшқан Бақытбек Жұмаділлаевты жақындары ақтық сапарға шығарып салды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Марқұмның Түркістан облысынан Қарағандыға қатынап жұмыс істеп жүргеніне жиырма жылдан асқан. Бейнетінің зейнетін көрер шақтағы оның қазасын жақындары басшылық салғырттығынан көреді. 

49 жастағы жігіт ағасының жаназасына Түркістан облысының әкімі мен "Жомарт" кенішінің өкілдері де келген. Марқұмның артында кәмелет жасына толмаған 4 баласы мен келіншегі қалды. Ұлдарының үлкені 11 жаста болса, кішісі небәрі 4-те. Үйінің жалғыз асыраушысынан айрылған әйелі болса қаралы хабарға сене алар емеспін дейді. 

"17-күні он жарымдарда естідім. кешкі. Азанға түскен негізі ауысымға. Бестердің уақытында болған дейді. Енді бес жыл шыдасам, зейнетке кетем деп жүрген еді. Балажан. Балаларына жақсы қарайтын. Бәріне аңқылдап жаным-ау. Ондай адам жоқ шығар”, – дейді марқұмның әйелі Сандуғаш Нұржанова.

Бақытбек Жұмаділлаевтың Түркістаннан Қарағандыға қатынап жұмыс істеп жүргеніне 20 жыл болған. Енді бір бес жылдан кейін зейнетке шығуды жоспарлаған жігіт ағасы ол күнге жете алмады. Осыны айтып жылаған жақындары мақұмның өте адал әрі ешкіммен қақ-соғы болмағанын айтады. 15 күн Ұлытауда жұмыс істеп, 15 күн Түркістанда өз үйінде болатын төрт баланың әкесі ауысымға 4 күн бұрын ғана барған екен.

"Немқұрайлы кіргізіп отыр ғой. Ол мысалы шахтаға кірерде қол қойып жұмысқа түсті. Бастықтары жарамды деп жіберді. Жарамды болса, неге атылады? Өйткені ауа айналымы жоқ. Ауа кететін болса, газ атылмас еді. 20 жыл стажы бар мысалы. Қанша бейнеті сіңген адам ол жерде. Осы бала-шағасын бағамын деп... Сол айлығы жетіп отырса, неге жақсы үй салмайды?! Шахтаның ақшасы артып жатыр дейсіздер. Ештеңеге де жетпейді ол”, – дейді Бақытбек Жұмадәллаевтың туысы Қарлығаш Сәрсенбаева.

Бақытбек отбасының жалғыз асыраушысы болған. Әкесінің жұмыстан келуін күтіп жүрген ұлдары әлі оның ажал құшқанын білмейді. Туыстары Түркістан облысының әкімдігі 1 миллион теңге табыстағанын мәлімдеді. Қара жамылған отбасы баспанадан да бас бартпайтынын айтып отыр. Өйткені, шахтер отбасы Түркістан қаласындағы аядай үйде күнелтіп келген.

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)