Ұлттық ұлан Астанадағы Жеңіс шеруіне қызу дайындыққа кірісті

20.02.2025, 12:05
530
Ұлттық ұлан Астанадағы Жеңіс шеруіне қызу дайындыққа кірісті ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Жеңіс шеруіне Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланынан 400-ден астам әскери қызметші қатысып, жоғары кәсібилігін және дайындығын көрсетеді

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шеру  әскери қызметшілердің сап түзеуі, әскеритехниканың көрсетілімі және авиацияның әуеде ұшып өтуі секілді үш кезеңнен тұрады.

Ұлттық ұланнан әскери қызметшілерден тұратын  екі колоннаның сап түзеп өтуі жоспарланған. Оның бірін  күн сайын Қазақстанның барлыққалаларында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін патрульдік-бекеттік қызметтің әскери қызметшілері құрайды. Ал екінші колоннаменарнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшесінің әскери қызметшілері  сап түзеп өтеді. Айта кетсек, бұл бөлімше жуырда UAE SWAT Challenge халықаралық жарысында үздік ондыққа енген болатын. Бұдан бөлек, шеруге үлгілі-көрсетілімдік оркестр мен шараны ұйымдастыруға жауапты әскери қызметшілер де қатысады. Олардың қатарында жүргізушілер, техника жетекшілері, медициналық қамтамасыз ету мамандары және экипаж мүшелері бар.

Сонымен қатар, Ұлттық ұланның 17 бірлік әскери техникасы да шеруде жұмылдырылады. Олардың ішінде «Барыс» 6х6 және «Cobra II» ерекше көзгетүседі. Аталған броньды машиналар кепілге алынғандарды босату, маңыздынысандар мен көлік колонналарын қорғау бойынша тапсырмаларды орындаукезінде жоғары мобильділік пен маневрлік мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Ал «Урал ВВ» және «Алан-2» техникасы күзетілетін нысандарға шабуыл жасалған жағдайда қолдау көрсету және қорғанысты күшейту үшінқолданылады. Бұл техникалардың шерудегі көрсетілімі Ұлттық ұланның ел азаматтары мен ұлттық мүдделерді қорғауға дайындығын айқын дәлелдейді.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 7 мамырда Қазақстан астанасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Отан қорғаушы күніне арналған әскери шеру өтеді. Биылғы шерудің ерекшелігі – сап түзеген колонналар әскери жылдардағы киім үлгісінде болады, сондай-ақ алғаш рет Қазақстан аумағында құрылған әскери бөлімдер жауынгерлік туларын салтанатты алып өтеді. Бұлелдің батырлық тарихына құрмет көрсетіп, бірлігін айшықтайтын маңызды шараға айналмақ.

Жалпы, шеруге 4,5 мың адам қатысады. Оның ішінде тарихи бөлімдерде болады, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың көрсетілімі ұйымдастырылады.

Астанадағы Жеңіс шеруі ел тарихындағы маңызды әрі ұмытылмас оқиғалардың легін жалғайтыны анық. Бұл шара Қазақстан әскери қызметшілерінің Отанды қорғауға деген күш-жігері мен дайындығын көрсететін символы болмақ. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады