805

Павлодарда мектептің мас күзетшісі 6-сынып оқушысын ұрып тастаған

Кеудесінен алған соққының кесірінен бала қазір ауруханада жатыр.

Павлодарда мектептің мас күзетшісі 6-сынып оқушысын ұрып тастаған
kstnews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, соққының салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға жүгінген. Бұл туралы  @Pavlodarnews.kz жазды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала мектептерінің бірінде кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеру басталды.

– 19 ақпанда мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысының кеудесіне соққы жасағаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады, – деді департаментте. 

Сонымен қатар, оқиғадан кейін күзетші медициналық айықтырғышқа орналастырылды. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін жауапқа тартылып, айыппұл салынды.   

Сондай-ақ, полиция облыстың білім беру басқармасына күзетшінің жұмыс орнында осындай жағдайда болуына жол берген мектеп басшылығын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолдады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор