Илья Ильин қызының тұсаукесер рәсімін өткізді
Ауыр атлет қазақы дәстүр бойынша қызының тұсауын кесті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал зілтемірші Илья Ильин әйелі Татьянамен бірге 20 ақпанда қызы Аилидің бір жасқа толған туған күнін атап өтті.
Салтанатты іс-шара кезінде жұп тұсау кесу рәсімін де өткізді.
Ал іс-шараның видеосын қазақстандық журналист Динара Сәтжан жариялады. Себебі дәл осы Динара бүлдіршіннің тұсауын кескен.
Аили алдымен медициналық стетоскопты, сонан соң микрофонды таңдады.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор