Бортсерікті ұрып, ұшақта бомба барын айтқан ер адам сотталып кетті

Аиса Махамбет Редактор
20.02.2025, 17:35
402
Бортсерікті ұрып, ұшақта бомба барын айтқан ер адам сотталып кетті facebook.com / azamatyergaly

Ұшақтағы орынсыз қылығы үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты терроризм актісі туралы жалған хабарлаған азаматты 3 жылға соттады.

Айта кетейік, бұл азамат биыл қаңтар айында мас күйінде «FlyArystan» компаниясының Астана-Өскемен бағытындағы рейсіне мініп, төбелес шығарған. Ұшақтың бортсерігін және ұшақтағы тағы бір жолаушы ұрып, екеуін жаралаған. 

Бұдан өзге ұшақтың ішінде бомба барын айтып, дауыс көтерген. Оның осы мәлімдемесіне байланысты компания мен полиция 153 адамды ұшақтан түсіруге мәжбүр болған. Бұл өз кезегінде қалалық полиция департаменті мен әуе компаниясына шығын келтірген.

Сотта ол кінәсін толық мойындаған. Жәбір көргендер мен куәгерлер айғақ айтқан, сарапшылар тиісті сараптама қорытындыларын ұсынған. Прокурор оны үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот азаматтың мастығын оның жазасын ауырлататын мән-жай деп тапқан.

Сот қылмыстық істің мән-жайын, ауырлататын мән-жайды ескере отырыпоны Қылмыстық кодекстің 273-бабы және 293-бабы 2-бөлігінің 4) тармағы бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүргішерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді «Маған «сені де өлтіреміз» деп айтты» – Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшімбаева Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды