«Тұман, қар, жел»: 21 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

21.02.2025, 09:10
685
«Тұман, қар, жел»: 21 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды Getty Images

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК 21 ақпанда Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Астанада кей жерлерде тұман түседі.

Түнде және таңертең Абай облысының шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-18 м/с.

Ақтөбе облысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында және орталығында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні солтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысында қар жауады, облыстың оңтүстік-шығысында кей жерлерде қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қарлы боран болады. Солтүстік және солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Алакөл ауданында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20, күндіз 23-28 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде өткінші тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында жауын-шашын (көбіне қар), көктайғақ күтіледі. Батыста және облыс орталығында кей жерлерде қалың қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығындағы желдің екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында кей жерлерде тұман күтіледі.

 https://kaz.inform.kz/news/kazakstannin-14-oblisinda-zhane-astanada-aua-rayina-baylanisti-eskertu-zhariyalandi-dcf183/

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды