90 күннен артық несиесі өтелмеген борышкерлердің қарыздары өтеледі

Аиса Махамбет Редактор
21.02.2025, 09:45
614
90 күннен артық несиесі өтелмеген борышкерлердің қарыздары өтеледі iStock

Жобаға қатысушылар жеке шарттар жасасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысының Бұқар жырау және Осакаров аудандарында пилоттық режимде «Қайта бастау» жобасы іске қосылды.

Оның мақсаты – несие бойынша қарызы бар адамдарға көмек көрсету. «Қайта бастау» жобасы аясында қарызы бар адамдар үшін қаржылық сауаттылық сабақтары өткізіледі, тұрақты жұмыс табуға және банктерден қарызды қайтарудың жеке және жайлы шарттарын алуға көмектеседі.

Бұл бағдарламаға 90 және одан көп күн қарызы бар қарыз алушылар қатыса алады. Бұл ретте қарыз сомасы маңызды емес. Алайда, егер адамның түрлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан бірнеше қарызы болса, онда оған қатысуға жол берілмейді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қатысушылармен жеке шарттар жасасады, онда күрделі қаржылық жағдайдан шығу үшін қажетті барлық қадамдар жазылады.

Бірінші кезекте қаржылық сауаттылық курсынан өту керек. Оны Amanat партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша өткізеді. Онлайн да, офлайн форматында да айналысуға болады.

Содан кейін, егер қажет болса, борышкерге жұмысқа орналасуға көмектеседі. Бұл үшін облыста табысты жұмыс істейтін бірнеше әлеуметтік бағдарламалар іске қосылады. Олардың ішінде әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» және «Алтын жас» жобалары, қоғамдық жұмыстар мен бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар бар.

«Қайта бастау» жобасының қорытынды кезеңі – банктен немесе микроқаржы ұйымынан кредитті өтеудің жеке шарттарын алу. Оған оқудан өткен және жұмыс тапқан қатысушыларға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары көмектеседі.

«Қайта бастау» жобасының қатысушысы болу үшін ауылдық округ әкімдігіне немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіну қажет.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды