«Дәлел жоқ»: Жұмбақ жағдайда қаза болған Лиза Пылаеваның өліміне күдіктілер ақталып шықты

Аиса Махамбет Редактор
21.02.2025, 10:50
517
«Дәлел жоқ»: Жұмбақ жағдайда қаза болған Лиза Пылаеваның өліміне күдіктілер ақталып шықты әлеуметтік желіден

Сот бес жылдық тергеуден кейін қыздың өлімі кісі қолынан екенін де, жазатайым оқиға болғанын да дәлелдей алмады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда Лиза Пылаева ісі бойынша апелляциялық сот үкімді күшінде қалдырды.

Алматыда 13 және 20 ақпанда Лиза Пылаеваның өліміне қатысты апелляциялық сот отырысы өтті. Прокурорлар соттың бірінші инстанцияда шығарған ақтау үкімімен келіспей, оны қайта қарауды сұрады. Апелляциялық сот үш айыпталушы – әпкесі Ольга Шмаковаға, әжесі Леонарда Рыжаковаға, бағбан Ухтам Махмудовқа қатысты шығарылған ақтау үкімін өз күшінде қалдырды. 

Соттың айтуынша, Лиза Пылаеваның өліміне қатысты тергеу төрт жыл бойы жүргізілгенімен, нақты себеп анықталмаған. Сараптамалар бір-біріне қайшы келіп, өлімнің себебі туралы әртүрлі қорытындылар жасалған.

"Біз барлық тараптың дәлелдерін мұқият қарастырдық. Бала табиғи емес жағдайда қаза тапқаны – бұл расталған факт. Алайда осы істі төрт жыл бойы тергеу барысында да, сот процесінде де өлімнің нақты себебін анықтау мүмкін болмады. Прокурордың баланың дене жарақаттары туралы уәждері сарапшының қорытындысы бойынша негізсіз деп танылды. Себебі бұл іс бойынша алты сараптама жүргізілгенімен, олардың қорытындылары бір-біріне қайшы келеді. Сараптамаларда тіпті өлім уақыты мен жарақаттардың пайда болу механизмі де әртүрлі көрсетілген", – делінген сот мәлімдемесінде. 

Апеляциялық сот отырысында бір сарапшының қорытындысы бойынша бала көліктің баяу жылдамдықпен соғылуы салдарынан қаза тапқаны айтылған.  Ал Киевтегі тәуелсіз сараптама бюросының қорытындысы бойынша, бала көлік салонында тежелу кезінде құлап, қайтыс болған.

"Кейбір жарақаттар иттің тістеуінен пайда болуы мүмкін деген болжам да бар. Ең бастысы – айыптау тарапы баланың өліміне сотталушылардың қатысы бар екенін бұлтартпас дәлелдермен дәлелдей алмады. Айыптаушы тараптың тергеу экспериментіне сүйенуі де сот отырысында жоққа шығарылды. Өйткені жүргізілген тәжірибеде дәл осындай жарақаттарды алудың мүмкін еместігі анықталды. Айыптау тарапы бұл өлімнің кісі қолынан жасалған қылмыс екенін де, жазатайым оқиға болғанын да нақты дәлелдей алмады. Баланың өлімі, сөзсіз, үлкен қайғы. Бірақ заң бойынша кінә тек бұлтартпас айғақтармен дәлелденуге тиіс. Мұндай айғақтар сотқа ұсынылмаған", – деді алқа сот отырысында.

Апелляциялық алқа барлық айыптау болжамдарға негізделгенін атап өтті. Оның айтуынша, қаза болған баланың өліміне сотталушылардың тікелей кінәсі барын дәлелдейтін нақты айғақтар жоқ. 

"Заңға сәйкес, барлық күмән сотталушылардың пайдасына қарастырылады. Ал жалған куәлік беру мәселесіне келсек, сотталушылардың шындыққа сай келмейтін жауаптар бергенін анықтау үшін істің нақты мән-жайларын толық дәлелдеу қажет. Алайда бұл тергеу барысында да, прокурор тарапынан да жасалмаған. Осындай жағдайларда сотталушылардың жалған куәлік бергенін дәлелдеу мүмкін емес. Сондықтан сот Шмакова, Рыжакова және Махмудовты ақтау туралы шешімді орынды әрі заңды деп тапты", – деп түсіндірді апелляциялық алқа.
Еске сала кетейік, 2019 жылы Алматыда 6 жасар қыз Лиза Пылаева нағашыларының үйінде жұмбақ жағдайда көз жұмған еді. Қыздың әкесі әйелінің әпкесі Ольга Шмаковаға жиенін қызғанышпен өлтірді деген айып таққан еді. 
Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады Қазақстанда электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті – ҚР Сауда министрлігі Alibaba, Wildberries және Halyk Market қазақстандықтарға не ұсынады? Marketplace Dynamics: гипербәсекелестік жағдайында цифрлық платформалармен қалай жұмыс істеу керек?