Павлодарлық ер адам ажырасқан әйелімен мүлікті бөліспес үшін оны өлтіруге адам жалдаған

Аиса Махамбет Редактор
21.02.2025, 11:33
661
Павлодарлық ер адам ажырасқан әйелімен мүлікті бөліспес үшін оны өлтіруге адам жалдаған kp.ru / Иван ВИСЛОВ

Киллер әйелді жұмысқа бара жатқан жерінен 15 рет пышақтаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда 53 жастағы шетелдік азамат әйелімен ажырасқан соң ортақ мүлкі мен үш баласын бөліскісі келмей, оны өлтіруге тапсырыс берген. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әзірбайжан азаматының соты басталды. Онымен сыбайлас болған екі павлодарлық та сотқа тартылды. Үшеуі де Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 99-бабы 2-бөлігі 7 және 8-тармақтары бойынша "Алдын ала сөз байласып, пайдакүнемдік немесе жалдамалы адамдар тобымен адам өлтіруге оқталу" бойынша айыпталып жатыр. 

39 жастағы павлодарлық әйел құрбан бола жаздады

"Біздің балаларымыз бар, бір отбасы болдық, бірақ қарым-қатынасымыз дұрыс болмады. Екі жылдан астам уақыт бұрын ажырасуға құжаттар дайындайтынымды айттым. Сол кезден бастап күйеуім есінен адасқандай болды. Бірде ол мені ұрды. Сосын қызымды оятып, полиция шақыруын өтіндім. Бірақ күйеуім оған кедергі жасады. Ол кейін ағама қоңырау шалды. Келесі күні күйеуімнің ұрып-соққанын растап, полицияға арыз жазып, ажырасуға өтініш бердім", – дейді әйел.

Айтуынша, күйеуімен бірге қалуға қорқып, күндіз ол жұмыста кезде мектеп оқитын балаларына қарау үшін үйге келген. 

Мүлікті бөлу бойынша сот әйел мен оның балаларына үш бөлмелі пәтер берді. Бірақ бұрынғы күйеуіне тұрғын үй үлесінің 1/4 бөлігін төлеуге міндеттеумен аяқталды.

"Күйеуіме беру үшін 4 миллион теңге несие алдым. Бірақ ол қатты ашуланды. Сосын оның маған пәтерді де, балаларды да беру ниеті жоғын түсіндім", – дейді павлодарлық әйел.

Прокурордың айтуынша, ер адам бұрынғы әйелінің жұмысына келіп, әріптестерінің көзінше оны теріс пиғылда көрсетпек болып, жанжал шығарған. Содан кейін ол досына жүгіні, әйелдің соңына салып, қорқытатын біреуді табуы сұраған. Делдал қызмет үшін бір миллион теңге сұрап, 900 мың теңге алған. Дегенмен кейін жоспар өзгерген. 

"Г. (сотталушының бұрынғы әйелі) қызымен бірге басқа пәтерде тұра бастаған. Кейін сотталушы Б. өзінің танысы М.-мен кездесіп, Г.-ның денсаулығына зиян келтіретін адам іздеп жүргенін, ол үшін 3 миллион теңге беретінін айтқан", – деді мемлекеттік айыптаушы.

Іс материалдарына сәйкес, қылмысты жасаған 31 жастағы қазақстандық. Өткен жылдың маусым айында ол таңертең жұмысқа бара жатқан әйелге шабуыл жасаған. 

"Капюшон киген адамның маған қарай келе жатқанын көрдім. Ол жақындап келіп пышақ сұғып алды. Оны көрген көлік жүргізушісі шошып кетті. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем мен полиция шақырып үлгерген. Офицерлер: "Кім?" деп сұрады. Мен жәбірленушіні анық білмеймін деп жауап бердім. Бірақ күйеуімнің тапсырыс бергені анық", – деді әйел.

Дәрігерлер жәбірленушінің денесіне 15 пышақ жарақаты салынғанын айтқан. 

"3,5 литр қан жоғалттым. Кеудеме 5 сағат бойы ашық ота жасалды. Үш ай бойы корсет киіп жүрдім. Жаралар негізінен мойнымда, кеудемде, ернімде және қолымда болды. Мені ауруханадан шығарған кезде күдіктілер ұсталды. Ал мені өлтірмек болған жігіт жасырыну үшін шашын қиып тастады. Қылмыскерлердің нұсқасы бойынша, мен онымен күйеуім бар бола тұра кездесіп жүріппін. Ал жазаға келсек, маған да, бала-шағама да тиіспей, сол жерде ұзақ отырса екен деймін", – деді әйел.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп тапса, олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды