«Анасы қайтыс болғанына ашуланған»: фельдшерді аяусыз ұрып-соққан апалы-сіңілінің соты басталды

Аиса Махамбет Редактор
21.02.2025, 12:05
492
«Анасы қайтыс болғанына ашуланған»: фельдшерді аяусыз ұрып-соққан апалы-сіңілінің соты басталды бейнежазбадан алынған кадр

Қостанайда жедел жәрдем фельдшерін соққыға жыққан әйелдердің соты басталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайда жедел жәрдем фельдшерін соққыға жыққан әпкелі-сіңліге қатысты сот процесі басталды. Оқиға өткен жылдың желтоқсанында болған. Сот материалдарына сәйкес жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа медициналық көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қала алмаған. Анасының қайтыс болуына ашуланған қыздары фельдшерді ұрып-соққан. Бұл туралы Информбюро бағдарламасы жеткізді. 

Мәліметтерге сенсек, жарақат алған медициналық қызметкер ми шайқалу мен дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Сот залында айыпталушылар – 41 және 51 жастағы әпкелі-сіңлі баспасөз өкілдерін көріп, залға кіруден бас тартты. Олар өздерін агрессивті ұстап, журналистердің процесті жариялауына қарсы шықты. Сондай-ақ сотқа жүгінбей, судьядан бас тарту туралы талап қойды, бірақ ол қабылданбады.

Прокурор Алма Нұрсейітованың айтуынша, айыпталушылар қызметтік міндетін атқарып жүрген фельдшерге топ болып қасақана дене жарақатын салды.

"Анасының биологиялық өлімін жариялағаннан кейін айыпталушылар жедел жәрдем қызметкеріне дөрекі сөздер айтып, фельдешердің шашынан ұстаған. Жерге құлатып, бетіне тырнақ жарақатын түсірген және ішінен екі рет ұрған", – деді мемлекеттік айыптаушы.

Жәбірленуші Анель Баймұрзина сол күнгі оқиғаны есіне алғанда көзіне жас алды. Ол жедел жәрдем тобының науқасты құтқаруға бар күшін салғанын, алайда 30 минут бойы жүргізілген реанимациядан кейін өлімін жариялауға мәжбүр болғандарын айтты. Бұдан кейін науқастың қыздары оған шабуыл жасаған.

"Әйелдің қолын шашымнан босатуға тырыстым, бірақ әпкесі жүгіріп келіп, бар күшімен басымнан ұрды. Олар мені өлтіреміз деп айғайлады, түрмеге отырғызамыз деп қорқытты. Самайымнан қатты ұрды", – деді фельдшер.

Келесі сот отырысында оқиғаның куәгерлері, оның ішінде шабуылды тоқтатуға көмектескен көрші тыңдалуы мүмкін. Айыпталушылар өз кінәсін мойындамай, барлық куәгерлер сұралғаннан кейін ғана жауап беретіндерін мәлімдеді.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады