864

«Үкіметтің позициясы әлсіз»: Зайытов наурызда бұрынғы уақыт белдеуінің қайтарылуы мүмкін екенін айтты

«Уақыт белдеуінің ауысқанының қандай пайдасы тиді?» дейді депутат.

«Үкіметтің позициясы әлсіз»: Зайытов наурызда бұрынғы уақыт белдеуінің қайтарылуы мүмкін екенін айтты
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов наурыз айында бұрынғы уақыт белдеуінің қайтарылатынына сенім білдірді. Бұл туралы депутат Qazaq Airan басылымына берген сұхбатында айтты. 

“Уақыт белдеуінің ауысқанының қандай пайдасы тиді? Бұл мәселе наурыз айында шешімім табады. Мәжіліс төрағасы үкіметке наурыз айында отырыс жасайтымызды айтты. Сол отырыста не бүк болады, не шік болады”, – дейді депутат. 

Депутат наурыз айындағы отырыста бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы шешім қабылданатынына сенімді екенін атап өтті. 

“Өзгереді. Себебі үкіметтің позициясы әлсіз. Не дәлелдейді олар бізге? Біз тек сол жиынның уақытын күтіп отырмыз”, – дейді депутат. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор