1348

Баян Мақсатқызы екі қызын өмірге келуіне жәрдемдескені үшін дәрігер қымбат сыйлықтар берген

Салтанат Байқошқарова екі қызының дүниеге келуіне көмектескені үшін Баян Мақсатқызының берген сыйлығын көрсетті.

Баян Мақсатқызы екі қызын өмірге келуіне жәрдемдескені үшін дәрігер қымбат сыйлықтар берген
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал репродуктолог-дәрігер Салтанат Байқошқаров продюсер Баян Мақсатқызының берген сыйлығын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Продюсер тамыз айында екі мәрте ана атанып, қызды болған еді. Ел алдында дәрігер Салтанат Байқошқароваға алғыс білдірді. 

“Осыдан біршама уақыт бұрын Баян ханымның үйінде екі қызымыздың қырқынан шығаруы болды. Алиса мен Алманың салтанатты кешінде керемет тойбастар таратылған болатын. Ағылшынша айтсам, Unpacking жасап, сіздерге көрсетуді жөн көрдім.

Динара Сәтжан қоржын әкелді. Сол жерде отырғандардың бәрі таласып, ырымдап алды. Мен де немереме ырымдап, қалташа алып қойдым. Ішінде көз бояйтын қарындаш бар. Өте керемет дайындалғанын бәріңіз көрдіңіздер.

Мойныма алқа тақты. Алисада безендірілген түсі қызғылт болды. Шабдалы түс деп айтуға болады. Алманыкі жасыл түс болды. Негізі тойбастарға қымбат бет күтімі жиынтығын таратты. Ешкімге бермей, өзім қолданамын. Маған иісі де, түсі де қатты ұнады. Жұғысты болсын деп көрсетіп жатырмын”, – деп жазды дәрігер.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор