869

Дәретханадан шала туған нәрестенің мәйіті табылды

Сәбидің анасы 25 жастағы жергілікті тұрғын боп шықты.

Дәретханадан шала туған нәрестенің мәйіті табылды
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бішкекте шала туылған нәрестенің денесі дәретханадан табылды.

20 ақпанда сағат 9:57-де Бішкек полициясына Киевская көшесіндегі ғимараттардың біріндегі дәретханадан шала туылған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабар түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, нәресте бес-алты айлық болған.

Жедел іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары нәрестенің денесін тастап кеткен әйелдің жеке басын анықтады. Белгілі болғандай, ол – 25 жастағы жергілікті тұрғын. Қазіргі уақытта аталған әйел тергеу изоляторына қамалды.

Полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысты тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалып, нәтижелеріне байланысты процестік шешім қабылданатын болады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор