827

Блогерлерге жіберілген салық хабарламасы кері қайтарылды

Техникалық ақауға байланысты дейді комитет.

Блогерлерге жіберілген салық хабарламасы кері қайтарылды
Pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекеттік кірістер комитеті 93 блогерге жіберілген салық хабарламасын кері қайтарды.

МКК техникалық қателікке байланысты салық сомаларын қайта есептегенін және жаңартылған хабарламаларды блогерлерге қайта жібергенін мәлімдеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті техникалық ақауға байланысты 169 салық хабарламасын кері қайтарды. Оның ішінде 93 блогерге салынған 9,8 млрд теңге салықтық міндеттеме де бар. Бұл қателік уақытша мәселе болды. Барлық деректер қайта қаралып, жаңартылған салықтық міндеттемелер блогерлерге жолданды, – делінген ресми хабарламада.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор