«Көне беруіміз керек пе?»: танымал актер Air Astana туралы дау көтерді

Аиса Махамбет Редактор
21.02.2025, 17:35
1016
«Көне беруіміз керек пе?»: танымал актер Air Astana туралы дау көтерді жеке мұрағатынан

Өнер иесі Air Astana ұшағының орнына FlyArystan ұшағына отырғызып жіберген компания жұмысына шағымданды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актер, кинопродюсер Сәбит Әбдіхалықов еліміздегі әуе кемелерін сынады.

Өнер иесі Алматыдан Астанаға ұшпақ болған. 

“Air Astana-дан билет сатып алсақ та, рейсіміз (KC624 Астана – Алматы, 21.02.25, 11:20) FlyArystan-ға ауыстырылған. Бұл туралы соңғы сәтте хабарлап, “толық қайтарым немесе басқа рейске тегін ауыстыруды” ұсынып отыр. Бірақ неге біз Air Astana-ға төлеп, FlyArystan-мен ұшуымыз керек? Қызмет сапасы мен ұшақтың жайлылығы екі түрлі деңгейде. Аттың ақшасын алып, жаяу жібергендей жағдай. Бірдеңе десең, “шағымды сайтқа жазыңыз” деп шығарып салады. Біз осыған үнемі көне беруіміз керек пе?”, – деп жазды актер. 

Stan.kz тілшісі Air Astana әуе компаниясының ресми өкілінен істің мән-жайын сұрап көрді. 

“Өндірістік қажеттілікке байланысты ауыстырдық. Әрі жолаушыларды жолынан қалдырмау үшін және кешігуді болдырмау мақсатында оларға басқа әуе кемесіне мінуге ұсыныс жасадық”, – деп жауап берді ресми өкілі. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады