Өскеменде балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аиса Махамбет Редактор
21.02.2025, 18:51
502
Өскеменде балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды бейнежазбадан алынған кадр

Балалардың беті көгерген дейді ата-аналар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскемен қаласында балаларға дөрекілік танытқан тәрбиешінің видеосы желіге тарап кетті. Бұл туралы Kazinform жазды.

Ата-аналар видеода тәрбиешінің балаларды итеріп жатқанын, кейбір балалардың бетінде көгерген іздер байқалғанын айтып жатыр. 

- Тәрбиеші балаларға қатал қараған. Ойыншықтарды өзіміз сатып алып берсек те, олармен ойнатпаған. Егер жыласа, оларды күшпен итеріп жіберген. Бір кадрда ұйқысы келіп отырған ұлымды дәретханаға жетектеп апарып, ішінен балам малмандай су болып шыққанын көрдім. Басқа бір баланың беті көгерген. Осы баланың анасы видеоны көрсетуді талап етті. Біз осы жағдайларға бейжай қарай алмай полицияға хабарластық. Бірақ ешқандай кері байланыс болмады. Ал біздің арызымызға басшылық назар аудармады. Тіпті кешірім де сұрамады. Ұлымда да көгерген іздер бар. Осыдан кейін журналистерге хабарласуға тура келді, - деді балалардың бірінің анасы Дана Кабдуллина.

Ал бұл балабақша жоғары санатқа жатады. Ата-аналар ай сайын 70 мың теңге төлейді. Басшылық барлық тәрбиешілердің жоғары білімі мен мол тәжірибесі бар екенін айтқан. Алайда кінәлі тәрбиеші арнайы орта білімді болып шықты

ШҚО Білім басқармасы жанжалдан кейін тәрбиешіні жұмыстан босатып, материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырғанын хабарлады. Қалалық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалғанын және тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

Бірақ ата-аналар балабақша басшылығының жауапкершілікке тартылмайтынын, ал жұмыстан шығарылған тәрбиешінің басқа балабақшаға орналасуы мүмкін екендігіне алаңдайды.

Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО) Астанада әйелін ұрды деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды Иран Израильдің ядролық құпияларына қол жеткізгенін мәлімдеді Қала әкімі тоқ соғып көз жұмды: Өліміне қатысты тергеу басталды Шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштері енді онлайн беріледі Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады