«Байлап қойған жіпті шешіп тастаған»: Әйел адам Алматы әуежайында чемоданынан ақша ұрланғанын жеткізді

Аиса Махамбет Редактор
22.02.2025, 10:51
946
«Байлап қойған жіпті шешіп тастаған»: Әйел адам Алматы әуежайында чемоданынан ақша ұрланғанын жеткізді бейнежазбадан алынған кадр

Әйел Дубайға барар кезде жайсыз жағдайға тап болғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде қазақстандықтар әуежайда багажға тапсырылған жүктердің арасынан ақша, бағалы заттардың ұрланатынын айтып, шағымданды. Алматылық гинеколог Жанна Төремұрат Дубайға барар кезде осындай жайсыз жағдайға тап болған. Ол ұшар кезде чемоданын шатастырып алмас үшін әдейілеп ауызын күлгін жіппен байлаған. Алайда ұшақтан түсіп, жүгін алған кезде оның ашылып тұрғанын және ақшасының ұрланғанын түсінген. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Жанна Төремұрат желіде чемодандағы ақшасының әуежайда қалай жоғалғанын баяндады.

“Міне қараңыздар, мынау біздің чемодан. 3:50-де ұшатын рейске біз кешігіп қалмайық деп сағат 1 болмай келдік. Үш сағат бұрын багажымызды алдын ала өткізіп жібердік. Сөйтсек, жүгіміз әуежайда үш сағат жай тұрмаған екен. Жақсылап чемоданымызды ақтарған. 

Жиналған кезде “сұр чемодандармен шатастырып алмайық” деп анам әдейіліп лента жіппен ұстайтын жеріне белгі салып қойды. Тура осындай жіппен екі замокты ашылып кетпесін деп бір біріне қысып байлап тастады. Тіпті сол кезде мен “ертең аша алмай қап жүрмейікші” деп күлгенмін. Қонған кезімізде паспорттық бақылаудан өткенше, чемоданымызды бірден әкеліп қойды. Чемодан тек Алматыда ғана 3 сағат багаждар бөлімінде тұрды. Жүгімізді алсақ, құлпы ашық тұр. Анам бірден байқап: “ашылып қалуы мүмкін емес” деді. Мен болсам “не болсада қонақүйге жетіп алғасын ішін көрейік, бәлкім жіп түсіп қалған шығар” дедім”, – деп шағымданды алматылық. 

Белгілі болғандай алматылық тұрғынның чемоданынан 200 доллардай шамамен 100 мың теңгеге жуық ақша ұрланған. Әлі елге оралмағандықтан ол әзірге шағымданып үлгермеген. 

Stan.kz тілшісі осы оқиғаға байланысты Алматы әуежайынан жалпы жолаушылардың жүктерінің қаупсіздігіне кімнің жауап беретінін сұрады. 

“Ұрланған ақшаға байланысты біз пікір бере алмаймыз. Мұны жолаушы арызданған полиция, құқық қорғаушылардан ғана сұрай аласыздар. Ал жүктердің қауіпсіздігіне келер болсақ, бұған әр авиакомпания жауапты. Жеке билетті рәсімдеу кезінде жолаушы мен авиакомпания әуе тасымалы шартын жасайды. Оның шеңберінде жіберілген багажды бүлдіргені, сақталғаны талап етілмеген және межелі жерге жеткізгені үшін авиакомпания жауапты. Яғни жүктің қауіпсіз жеткізіліміне де компания жауап береді. 

Ал жоғарыда айтылғандай жағдайларда жолаушы тек тасымалдаушыға (авиакомпанияға) талап қоюға құқылы. Егер багаж зақымдалған болса, жолаушы әуежайда бірден Lost & Found бөлімінде багаждың зақымдануы туралы акт (PIR) жасауы керек)”, – деді Алматы әуежайының баспасөз қызметі. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды