Ақтөбедегі ауыл тұрғындары жаңа әкімнің телефон ұрлағанын айтып, орнын босатуды талап етті

Аиса Махамбет Редактор
22.02.2025, 12:50
775
Ақтөбедегі ауыл тұрғындары жаңа әкімнің телефон ұрлағанын айтып, орнын босатуды талап етті newtimes.kz

«Біз бәріміз оның телефон ұрлағаны үшін ұсталғанын білеміз» дейді жаңа әкімді қылмыскер деп атаған ауыл тұрғындары.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде облысындағы ауыл тұрғындары жаңа әкімді қылмыскер деп атап, наразылық білдірді. Ақтөбе облысындағы Жаңақоныс ауылының жаңа әкімінің басы дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 27 жастағы жаңа әкім Серік Боранбайдың бұған дейін телефон ұрлығы бойынша қылмыстық іске қатысы болған. 

Оқиға бірнеше жыл бұрын, жаңа әкім мемлекеттік қызметке келмей тұрып болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, болашақ әкімді мобильді телефон ұрлады деген күдікпен полицияға шақырған. Алайда іс сотқа дейін жетпей, тараптардың келісімімен аяқталған.

"Біз бәріміз оның телефон ұрлағаны үшін ұсталғанын білеміз. Кейін жәбірленуші оны кешіріп, іс тоқтатылды. Бірақ мұндай адам біздің ауылды басқаруға лайық па?" – дейді наразылық білдірген ауыл тұрғындарының бірі.

Серік Боранбайдың өзі де қылмыстық іс қозғалғанын жоққа шығармайды. 

"Бұл өткенде қалды. Телефон менің үйімнен табылды, мен оны иесіне қайтардым. Біз келісімге келіп, істі жаптық. Бұл түсінбестік болды", — дейді жаңа әкім.

Серік Бораңбай 27 жаста, тағайындалғанға дейін ол жетекші және бас маман болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта ол мемлекеттік қызмет академиясында оқып жатқан көрінеді. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)