Кәсіпкерді бопсалаған блогерден 15 млн теңге табылды
Қостанай облысында кәсіпкерді бопсалады деген күдікпен ұсталған адамнан 15 млн теңге табылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысының Қарабалық ауданында бопсалаушы блогер ұсталды.
Полицияның хабарлауынша, әлеуметтік желілерде айыптаушы материалды жариялаймын деп бопсалап, кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша талап еткен.
Өткізілген жедел іс-шаралар барысында блогерді прокуратурамен бірлесіп, Қарабалық ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Тінту барысында одан 15 миллион теңге тәркіленді.
- Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор