«Бәрі сатты, жалғыз қалдым»: Мақпал Жүнісова күйеуінің ешкімге көрсетпеген жазбаларын жариялады

Аиса Махамбет Редактор
22.02.2025, 18:44
3012
«Бәрі сатты, жалғыз қалдым»: Мақпал Жүнісова күйеуінің ешкімге көрсетпеген жазбаларын жариялады жеке мұрағатынан

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерін жария етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзіндіні Instagram парақшасында жария етті. 

Әнші желі парақшасында видео жариялап, онда қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің соңғы өлеңдерінен үзінді келтірген. Марқұм мемлекет қайраткерінің өлең жолдарын назарға ұсынамыз:

Мақпалға

Сенесің бе?

Бір өзіңнен басқа жаннан бір жақсылық көрмеппін.

Дарын қонған асыл жанға еркіндікті бермеппін...

"Махаббат бар" - жетеді деп, қолды көп жыл сермеппін...

Мен жолыңды аша алмаппын, жібек жіппен кермеппі...

Дірілдеген әр әніңді моншақ жасап термеппін...

Элегия

Бәрі сатты, жалғыз қалдым

Заңы солай аздықтың,

Ізсіз жаудан өсті тікен,

У боп шықты қастықтың.

Байқамаппын қызғанышты,

Залымдықты ескермей,

Қанпезерлер бой көтерді —

"Жемісі" ғой жастықтың.

Қанпезерлер гүл жайнап жүр

"Жемісін" деп мастықтың,

Оқ қағары жалғыз мен ем,

Сонда неге асықтым?

Сол адамның тағын қорғап

Бекер төккен терлерім,

Бұршақ болып қайтып жатыр

Зәр бұлтынан пасықтың.

Жаба алмайсың абақтыңа,

Былғатпаймын денемді,

Жіберсең де шабуылға

Топ-топ болған кенеңді.

Ұстамдылық, бар төзімді

Тек жеңіске арнап ем,

Әлсіздік деп ойламаңдар,

Шейіт кетсем мен енді.

30.04.2005 ж.

Байқамаппын салмағын,

Өмір зілін, жалғанын.

Махаббат бар деп өзіңмен

От боп лаулап жанғанмын.

Жаным енді төзерсің,

Тағдыр басқа салғанын,

Жақсы басар жаманды

Алла айтар талғамын.

Жаратқан ием қолдаса,

Күшейтер саған қорғанын.

Жау жеңіліп, сен жеңіп

Үзерсің шынжыр торларын,

Әсем ән әлі құлпыртар

Жарық айдың толғанын.

Елің көрер ертең-ақ

Мерей сендей болғанын.

Сендерге қидым қайшымен

Ғұмырымның қалғанын.

Өнердің мәңгі алғасың,

Алла берсін жалғасын!

Әумин!

26.08.05

Кенет өлсем ақ денемді

Пышақ салып кеспеңдер!

Іште жатқан бар ізгілік

Босқа ұшпасын, теспеңдер!

Ақ жарқынды, ақ келбетті

Шешем тосып жатыр ғой!

Мені өсірген ару ана

Жанына алсын, Батыр ғой!

Еске салсақ, бұған дейін Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты пікір білдірген еді. Өнер иесі жолдасы өзін-өзі аттты деген тұжырымды алып тастау керек екенін жеткізді.

Сондай-ақ Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің өзіне қалай ғашық болғанын айтып берген болатын. Өнер иесі бастапқыда белгілі саясаткерді мүлдем жақсы көрмегенін жасырмады.

 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)