«Біз үшін ол ханшайым еді»: Астанада мектеп автобусы 9 жастағы қызды мерт қылды

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2025, 12:46
2057
«Біз үшін ол ханшайым еді»: Астанада мектеп автобусы 9 жастағы қызды мерт қылды бейнежазбадан алынған кадр

«Ол үлкен кісі, өзі де – ата. Жылап, қайғырып жүр» дейді Ата-аналар комитетінің мүшесі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада мектеп автобусы 9 жастағы қызды басып кетті. Алған жарақаттарынан оқушы оқиға орнында жан тапсырған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы жеткізді. 

Ол 4-сыныпта оқыған. Марқұмның туыстарының айтуынша, оқиға қыз сабаққа бара жатқанда болған. Автобус жүргізушісі осы кезде көлікті артқа айдаған. Алайда көлікке бұлай айналым жасау үшін жол тар болған.

“Біз үшін ол ханшайым еді. Жақсы оқыды, өте жақсы болды. Үш баланың арасындағы жалғыз қыз еді. Біз үшін орны толмас қайғы. Мен жүргізіші мен директор кінәлі деп есептеймін. Себебі ол жақта аула өте тар. Енді директор мен жүргізуші жазалансын“, – деді марқұмның туысқан әпкесі Айгүл Қаңтарбаева. 

Ал деректерге сүйенсек, автобус жүргізушісі тәжірибелі маман болған. 

“Ол үлкен кісі, өзі де – ата. Жылап, қайғырып жүр. Жеке танымасам да, мектепте көретінмін. Жақсы адам, балаларымызды таситын. Ешкімді директорды да, жүргізушіні де жақтамаймыз. Барлығы заңға сай шешілсін”, – деді Ата-аналар комитетінің мүшесі Гүлнұр Аманова. 

Білім басқармасы оқыс оқиғаға қатысты жағдай қатаң бақылауда болатынын жеткізді. 

“Ақмола облысының білім басқармасы қайғылы оқиға болған отбасыға көңіл айтады. Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Олар мән-жайды түбегейлі анықтау үшін барлық қажетті іс-шараларды ұйымдастыруда. Оқушының отбасына қажеті психологиялық қолдаулар көрсетіледі”, – делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, қазір автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады