Жұмысқа кетіп оралмады: Павлодарда бизнесмен жоғалып кетті

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2025, 14:15
856
Жұмысқа кетіп оралмады: Павлодарда бизнесмен жоғалып кетті бейнежазбадан алынған кадр

52 жастағы кәсіпкер көлігімен бірге жоғалып кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда полицейлер жұмысқа бара жатып жеке көлігімен жоғалып кеткен 52 жастағы кәсіпкерге іздеу жариялады.

Полицияның хабарлауынша, оның жоғалғаны туралы туыстары арыз түсірген.

"Жоғалған 1972 жылы туған Нұрмағамбетов Асұлан Хамитұлы. 21 ақпан күні сағат 14:40 шамасында ол ақ түсті Toyota Camry-50 (мемлекеттік № 039 ОФА, 14-аудан) көлігімен үйінен жұмысқа шығып, осы күнге дейін оралмаған", - деп хабарлады полиция департаментінен.

Павлодар тұрғыны жергілікті фирмалардың бірін басқаратыны белгілі болды.

Ер адамның бойы 170-175 сантиметр, орта денелі, көзілдірік киген, қасында ұялы телефон болған. Үстінде қара көк түсті күрте, сұр бас киім, қара джинсы шалбар және қоңыр жартылай спорттық аяқ киім болған.


Фото Павлодар қалалық ІІБ

«Азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсе, 102, 8 (7182) 37 76 10, 37 76 11 телефондарына хабарласуын сұраймыз. Аты-жөнін жасыруға кепілдік беріледі», - деп атап өтті полиция.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады