Домбыра үніне ғашық болған жапон жігіті күйші Секен Тұрысбековпен арнайы кездесуге барған

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2025, 14:49
641
Домбыра үніне ғашық болған жапон жігіті күйші Секен Тұрысбековпен арнайы кездесуге барған әлеуметтік желіден

Жапон жігіті домбыраны алғаш рет Түркияға барғанда көрген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жапон домбырашысы Акира Такегучи дәулескер күйші Секен Тұрысбековпен кездесті. Ол нағыз күйшімен жүздесу үшін сонау күншығыс елінен Алматыға арнайы келді. Жапон жігіті Қазақстанның мәдениетін жетік білгісі келеді.

"Маған қазақтың қара домбырасының құлағында ойнау аздық етеді. Енді қазақ тілін үйренемін", - дейді.  Акираның қазақ халқына деген құрметі ерекше. Домбыраны алғаш естігенде, үні баурап алды, - дейді. Міне 8 жылдан бері оның жан серігі қазақтың қара домбырасы. Секен ағаны да сырттай таниды. Арманы кәсіби күйшімен кездесу болған. Оның домбыра шерту техникасын ғаламтордан қарап, әбден зерделеген. Бірақ көзбе-көз жүздесіп сабақ алғысы келген. Міне сәті түсіп дәулескер күйші-композитормен "Көңіл толқынын" бірге орындады, деп хабарлайды 24kz.

Секен Тұрысбеков жапондық домбырашыны "Ақ жауын" мемлекеттiк камералық оркестрiмен таныстырды. Оркестр алыстан ат арылтып келген жапон жігітіне бірнеше шығарма орындап берді. Секен Тұрысбековтің өзі де күншығыс елінде талай мәрте өнер көрсеткен. Концерт кезінде "Көңіл толқыны" мен "Ақ жауынды" бірнеше рет қайталап тартқан кезі болған. Оның айтуынша, домбыраны шетелдіктер сүйіп тыңдайды. Акирадай болмаса да француз, қытай, ұйғыр ұлтының арасында домбыра мен сыбызғы тартатындарды талай кездестірдім, - дейді.  

"Бұл енді аударманы қажет етпейді ғой күй деген. Оған көкірек көз, құлақтың саңылауы керек. Сондықтан бұл кісілердің жаңағыдай қазақтың үніне, бояуына, қоңырлығына құштар боп жүргені біздерді, әрине қуантады".Секен Тұрысбеков, күйші-композитор

Жапон жігіті домбыраны алғаш рет Түркияға барғанда көрген. Кейін сонда 4 жылдай тұрып, студент қазақ жігітінен домбыра шертуді үйренеді. Қазір репертуарында "Адай", "Сарыарқа", "Балбырауын" сияқты  20- дан астам күй бар. 

"Қазақстан маған ұнайды. Қазір Алматыда тұрып жатырмын. Салт-дәстүрін, мәдениетін жақсы білуі үшін қазақ тілін үйренгім келеді. Ал Секен Тұрысбеков кәсіби музыкант. Менің репертуарымда бірнеше күйі бар. Мен де музыкантпын. Аспаптарды ырғағын, даусын жақсы ажыратам. Бұған дейін скрипкада түрік музыкасын орындағам. Бірақ домбыраның сиқырлы үні бәрінен асып түсті. Екі ішектің құдіреті шексіз. Тіпті Жапонияда бір музыкалық байқауда Нұрғиса Тілендиевтің "Аққу" күйін орындап жеңімпаз атандым. Әзірге Алматыда боламын. Домбыраға қатысты  білмегенімді Секен Тұрысбековтан сұрап тұруға келістім".Акира Такегучи, жапондық домбырашы

 

 

 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады