Талдықорғанда тендермен баюды үйретуші коуч сотталды

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2025, 16:13
597
Талдықорғанда тендермен баюды үйретуші коуч сотталды Shutterstock

Уәде етілген айлық курстар орнына тек 3-4 сабақ өткізіліп, содан кейін тренер өз "жағдайларын" желеу етіп, оқытуды тоқтатқан,

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорған соты тендер бойынша табыс табуды үйретуші коуч-тренерді "құстырып" алды.

Талдықорған соты Жетісу облысы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменттің шағымын қанағаттандырып, мемлекеттік сатып алудан түсетін табыс туралы сапасыз курс өткізген кәсіпкерді зардап шегушілердің шығындарын өтеуге міндеттеді.

ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі тұтынушы Жұлдыз Идрисова сапасыз оқыту қызметіне тап болып, адамдарға "миллион табысты" уәде еткен коучтың іс-әрекетіне шағымданған. Ол бұл мәселе бойынша Жетісу облысындағы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді. Мәселені терең талдап, департамент ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялап, 2024 жылғы 11 қазанда азаматтарды қабылдау іс-шарасын ұйымдастырды.

Осы күні тендер арқылы табыс табуға арналған серіктестік курстарды сатып алғаннан кейін көмек іздеген сегіз тұтынушының шағымы қаралды. Жетісу облысы бойынша СТҚҚД қызметкерлері жүргізген тексеру барысында коуч-кәсіпкер ресми келісімшарт жасамай, төлем кезінде фискалдық чек бермегені анықталды – бұл салық заңнамасын бұзған жағдай. Уәде етілген айлық курстар орнына тек 3-4 сабақ өткізіліп, содан кейін тренер өз "жағдайларын" желеу етіп, оқытуды тоқтатқан, бұл тікелей ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңының 13-бабын бұзу болып табылады. Нәтижесінде, азаматтар білімсіз қалып, ақшасынан да айырылды. Тұтынушылардың кейбірі "пайдалы тендерлер" ұтамыз деген ниетпенен және ақша қайтарылуы үмітімен несиеге алуға дейін барған.

"Департамент қызметкерлері осы кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі құжаттарын дайындауда тұтынушыларға құқықтық көмек көрсетіп, 10 күн ішінде жауап беруін талап етті. Наразылық хатқа жауап бермей, кәсіпкер заңды бұзып, сол себепті департамент тарапынан жоспардан тыс тексеру жүргізілді", – деп мәлімдеді СТҚҚД басшысы Айдос Дауешев.

Тексеру кезінде сапасыз қызметтен зардап шеккендер саны 18 адамға жетіп, тек Жетісу облысы емес, сонымен қатар Алматы, Костанай және Астана қаласының тұтынушылары да өтініш білдірді.

Нәтижесінде, жалпы зиян сомасы 6 593 000 теңгеге артты. Департамент заңды мүдделерін қорғау мақсатында оннан астам тұтынушының атынан Талдықорған қаласының сотына талап арызын жіберді.

Сот процесі барысында коуч-кәсіпкер кейбір зардап шеккен тұтынушыларға ақшаларын қайтарды: үш тұтынушыға толық көлемде 850 000 теңге, ал қалған екі тұтынушыға жартылай – әрқайсысына 450 000 теңге қайтарылды. Дегенмен, сот барлық талаптарды толық қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, істегі барлық тараптардың мүддесін қорғады.

"Қызығы, осы іс барысында тағы бір оқиға анықталды: коуч-тренер бұған дейін қалалық мектептердің бірінің жөндеу тендерін ұтып алып, құрылысшыларға төлем жасамаған. Әлеуметтік желілердегі дау-дамайдан кейін ол өз қарызын тез арада өтеді", - дейді департаменттегілер.

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті осындай "жеңіл табысқа" деген курстардың азаматтарға үмітсіздік пен шығын әкелетінін ескертеді. Мамандар тренерлер жайлы ақпаратты мұқият зерттеп, ресми келісім-шарт жасауды және фискалдық чек талап етуді міндетті түрде ұсынады. 

 

 

 

 

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды