Жайын мен көксерке балықтарын экспорттауға тыйым салынбақ

08.03.2023, 11:14
558
Жайын мен көксерке балықтарын экспорттауға тыйым салынбақ

Қазақстан аумағынан мұздатылған жайын мен көксерке балықтарын әкетуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Балық шаруашылығы комитеті төрағасының бұйрығында жазылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Жаңа мұздатылған немесе салқындатылған жайын және көксерке балықтарын шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - деліген құжатта.

Бұйрыққа қосымша түсіндірмеде бұл - балық шикізаты тапшылығын болдырмау мақсатында қабылданып отырғаны жазылған.

«Статистика деректері бойынша өңделмеген балық экспортының жалпы балық экспортындағы үлесі 55%. Былтыр барлық өңдеу кәсіпорындарының жалпы өндірістік қуаты 31,2 мың тонна балықты өңдеді. Бұрын бұл меже жылына 142 мың тоннаға жуық болатын. Яғни, былтыр кәсіпорындардың жүктемесі 22%-ды құрады. Кәсіпорындардың жұмыс істемеунің себептерінің бірі балық шикізатының жетіспеушілігі. Осы мәселе бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы субъектілерімен, бизнес өкілдерімен және барлық мүдделі тараптармен шектеулер енгізу мәселесін талқылау бойынша бірқатар кеңес өткізді.

Осыған байланысты талқылау барысында айтылған кәсіпкерлердің пікірін ескере отырып, бастапқы кезеңде 6 ай мерзімге Қазақстан аумағынан экспорттағы үлесі 10%-дан аз жаңа мұздатылған балықтардың экспортын шектеу ұсынылады. Бұл жайын мен көксеркеге қатысты», - деп түсіндірме берілген бұйрыққа.

Құжат 14 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол