«Ес біліп қалған балаларыма қиын болды»: Бейбіт Қорған «некесіз балаға» қатысты шындығын айтты

Аиса Махамбет Редактор
24.02.2025, 11:33
1526
«Ес біліп қалған балаларыма қиын болды»: Бейбіт Қорған «некесіз балаға» қатысты шындығын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Баланың әкесі мен емес басқа әнші дегенді де естідім дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Бейбіт Қорған кезінде шу болған “некесіз баласына” қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Айта кетейік, бұған дейін атыраулық Нұргүл Зиханова 5 жыл бұрын Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырғанын айтқан еді. Оның сөзінше, 4 жасар баласы – әншінің ұлы. Өнер иесі "Сырласу" бағдарламасында қонақ болып, істің мән-жайын баяндап берді. 

“Жас күнімізде жүрмеген жеріміз жоқ. Шынымен де менің балам ба деген ойдың болғанын мойындаймын. Өзіме сенімсіз болдым. Бірақ мен ДНҚ тапсырып, теріс нәтижесін көрдім. Оны жекеменшік орталықта тапсырмадым. Кәдімгі мемлекеттік зертхана орталығында тапсырдым. Халық та көзі анық жетпей, шулап кетті. Егер ол менің балам болса, көмектесіп, қамқорлығыма алатын едім. Тегімді беремін. Бірақ олай болмай шықты. Өнерде жүрген достарымның біразы теріс айналды. Тіпті, баланың әкесі мен емес басқа әнші дегенді де естідім. Соны көздепті. Ол туралы айтпай-ақ қояйын. Жау алыстан келмейді. Мені танитын жақын адамдардың тірлігі болуы мүмкін”, – деді әнші. 

Қызу талқыға түскен өнер иесінің өмірі балаларына да әсер еткен көрінеді. 

“Менен гөрі ес біліп қалған балаларыма қиын болды. Мектепте “Сенің әкең екен” деп көзбен шұқып көрсеткенін үйге айтып келді. Олармен отырып ашық сөйлесіп, түсіндіруге тырыстым. Балаға “мынау жаман адам” деп айтсақ, ол тура солай қабылдайды. Жалпы, жұртты қаралаудан аулақ болайық”, – деді эстрада жұлдызы.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды