«Апамыздың ренжитіндей жөні бар ма екен»: танымал баспагер Дулат Исабековтің асынан ұялып қайтқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
24.02.2025, 12:15
2245
«Апамыздың ренжитіндей жөні бар ма екен»: танымал баспагер Дулат Исабековтің асынан ұялып қайтқанын айтты жеке мұрағатынан

Жазушыны ақтық сапарға шығарып салу кезінде Ханбибі Есенқарақызы мемлекеттік сыйлық ала алмай жүргенін айтты дейді баспагер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал баспагер Бақытжан Бұқарбай марқұм Дулат Исабековтің асында әдепсіздік болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Медиа маманы марқұм жазушыны ақтық сапарға шығарып салып, кейін асына қатысқан. Сөзінше, қаралы жиында ақын Ханбибі Есенқарақызы әдеби атақ-марапатқа қатысты сөз қозғаған. 

“Қаралы жиындарда зиялы санатына жатқызып жүрген ағаларымыз бен апаларымыздың өзін ұстауы мен сөйлеген сөзі кейде "Бұл қалай сонда?" деген еріксіз ойға қалдырады. Бүгін Дулат Исабековтің асында сөз алған Ханбибі Есенқарақызы марқұмның артында қалған балаларына көңіл айтудың орнына, өзінің мемлекеттік сыйлық ала алмай жүргенін алға тартты. Бұл сөзі тым әдепсіз көрінді.

Мереке Құлкенов жағдайды жұмсартуға тырысып, "Ендігі рет аласыз" деп әзілге бұрғанымен, мұндай әңгіменің дәл осы жерде айтылғаны ұят болды. Апамыздың бұлай ренжитіндей жөні бар ма екен деп желідегі ақпаратты қарап шықтым. Ханбибі ханымның алмаған марапаты жоқ екен: "Парасат" пен "Барыс" ордендері, "ҚР еңбек сіңірген қызметкері" атағы – бәрі бар. Сонда осындай жиында тағы бір марапат жайлы сөз қозғау қаншалықты қажет еді?, – деп бастады әңгімесін баспагер. 

Баспагердің айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет емес көрінеді. Тіпті, танымал жазушылардың қаралы жиында президентті мақтайтын сәттеріне де куә болған. 

“Бұған дейін де осындай көріністер болған. Бір аста сөз алған Смағұл Елубай марқұм туралы бір жақсы естелік айтып немесе артында қалған ұрпағына жылы тілек білдірсе жарасар еді. Оның орнына, біраз уақытын қазіргі президентті мадақтауға арнады. Бұрынғы басшыны да дәл осылай дәріптеуші еді. Бұл өте жиіркенішті көрініс болды. Осы жазғаным аға буынға жетіп жатса, бір нәрсені ескеріңіздерші: аста біз сияқты жастар да отырады. Жәй ғана отырмай, жағасын ұстап, сіздер үшін испанша ұялып отырады, – деді ол.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр