«Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қоры «Ақ Мерген» сыйлығының жеңімпазы атанды

24.02.2025, 19:14
451
«Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қоры «Ақ Мерген» сыйлығының жеңімпазы атанды "Samruk-Kazyna Trust" қоры

Қордың қайырымдылық марафоны өткен жылдың маусым айында Астанада ұйымдастырылған еді.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Ақ Мерген» қоғаммен байланыс саласындағы XII қазақстандық сыйлықпен марапатталды.

Қордың «Charity Samruk Marathon – 2024» жобасының нәтижесі мен коммуникациялық стратегиясы үздік бағаланып, «Қайырымдылық» номинациясының жеңімпазы атанды.

«Charity Samruk Marathon - 2024» қайырымдылық марафоны өткен жылдың маусым айында Астанада ұйымдастырылып, оған 1200-ден астам адам қатысты. Шарада жиналған 127 млн теңгеге Астананың 5 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Қайырымдылық марафонында жүзеге асқан табысты тәжірибе жалғасын тауып, «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен 2024 жылы Астана мен Ақмола облысындағы 14 мектепте инклюзия кабинеттері ашылды. Биыл елорда мен Ақмола облысының тағы 12 мектебінде кабинеттерді жабдықтау жоспарлануда. Соның арқасында 500-ден астам ерекше бала инклюзивті біліммен қамтылды, елордалық мектептерде инклюзия кабинеттеріне қажеттіліктің 16%-ы өтелді.

2025 жылы «Charity Samruk Marathon» қайырымдылық марафоны 3 мамырда елордада өтеді. Қайырымдылық қаражаты Астананың 10 мектебінде жаңа инклюзия кабинеттерін ашуға бағыталады.

12-ші жыл ұйымдастырылып отырған PR саласындағы «Ақ Мерген» қазақстандық сыйлығы еліміздегі PR нарығын дамытуға, қоғаммен корпоративтік және мемлекеттік қарым-қатынастардың мәдениеті мен дәстүрлерін қалыптастыруға бағытталған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды