Семейде оқушыны аяусыз соққыға жыққан балалардың ата-анасы жазаланды

Аиса Махамбет Редактор
25.02.2025, 12:15
1185
Семейде оқушыны аяусыз соққыға жыққан балалардың ата-анасы жазаланды t.me/@dp_abai

6 сынып оқушысы қатарластарының езгісіне ұшыраған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде оқушыны соққыға жыққан балалар анықталып, полицияға жеткізілді. Олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Желіде қатарласын соққыға жыққан оқушылардың видеосы тараған еді. Абай облыстық полиция департаменті аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

“Қақтығысқа қатысушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімдер полиция бөлімінің есебіне қойылады. Олардың тәртібін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия қарайды. Тергеу барысы Абай облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Ата-аналар балаларының тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады”, – деп мәлімдеді Абай облыстық ПД.

Оқу орнының әкімшілігіне оқиғаға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгіздік дейді. Ал жәбірленушіге арнайы орталықта мамандар көмек береді.

“Психологтар мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл оған қажет қолдау көрсетіп, оқиғадан кейінгі эмоциялық әсерін жеңуге көмектесіп жатыр. Білікті мамандар жасөспірімнің психологиялық жағдайын қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр”, – делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерге қатысты тиісті шаралар қабылданбақ. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтіп, онда әр қатысушының әрекеті жеке қаралады екен.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды