Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің 55,4%-ы – әйелдер

08.03.2023, 13:59
740
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің 55,4%-ы – әйелдер

Қазақстанда 2010 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 52,7% болса, былтыр 55,4%-ға жетті. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов 8 наурыздағы құттықтауында айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі кезеңде әйелдер қауымы қоғамдық өмірдің ең белсенді бөлігіне айналып отыр.

"Қазақстанда 4,3 млн әйел жұмыспен қамтылған. Бұл – еңбек майданында жүрген жалпы халықтың 48%-ы. Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына тұруға қыздарымыз белсенділік танытады. Былтыр 30 мыңға жуық жас бойжеткен жұмысқа орналасып, алғашқы еңбек жолын бастады", - деді Әлихан Смайылов.

Мемлекет бизнеспен айналысуға ниетті әйелдерді бүтіндей қолдап келеді. Оларды оқытып, әрі қарай жұмысқа тұруына немесе бизнес әлеміндегі бағын сынауына мүмкіндік береді. Гранттар мен жеңілдікті қарыз бөліп, субсидияланған және кепілдендірілген несие ұсынады. ​

ЭЫДҰ деректеріне сай, Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің үлесі 45% болып отыр.

Бұл – АҚШ және Түркия елдерімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Әйелдердің денсаулығына да зор көңіл бөлініп келеді. Тек 2022 жылдың өзінде ғана ана өлім-жітімінің 2,6 есеге азайған.

"Біздің елімізде әйелдер ер-азаматтармен қатар иық тірестіре жүріп, мемлекеттік басқару ісіне белсенді қатысып отыр. Егер 2010 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 52,7% болса, былтыр 55,4%-ға жетті. Үкімет, сондай-ақ, меншігінде мемлекеттің қатысу үлесі бар компаниялар басшылығында әйелдердің үлесін 30%-ға дейін кезең-кезеңмен арттыру шараларын қабылдап жатыр. Әйелдерді әлеуметтік қолдау мәселесі де назардан тыс қалмайды. Ана мен баланы қорғау, көп балалы аналарға, бала асырап алынған отбасыларға көмек көрсету, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, үлкендерге қамқорлық жасау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары болып қала бермек", - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан гендерлік теңдік орнаған қоғам қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті. 2022 жылы Қазақстан осы саладағы табысты реформалардың арқасында "Гендерлік алшақтық индексі" (Global Gender Gap Index) рейтингі бойынша 15 позицияға жоғарылап, 146 елдің арасында 65-орынды иеленді.

Премьер-министр әйелдердің 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына шаттық тіледі.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді