Жалғызбасты ана қамқоршылық органы балаларын бермей отырғанын айтып, көмек сұрады

Аиса Махамбет Редактор
25.02.2025, 16:55
704
Жалғызбасты ана қамқоршылық органы балаларын бермей отырғанын айтып, көмек сұрады бейнежазбадан алынған кадр

Қостанай облысының Тобыл қаласында жалғызбасты ана балаларын қамқоршылық органынан ала алмай отырғанын айтып көмек сұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әйел бұған жалдамалы пәтерінде болған оқыс оқиға себеп болғанын айтты. Баспанада отбасы көміртегі тотығымен уланып қала жаздаған. Жүрегі айнып құсқан балаларын ауруханаға жеткізген ана кейін оларды қайта алып кете алмай қалған. Бұл туралы 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы жеткізді. 

Жалғызбасты ана қарапайым өмір сүреді. Бірақ оның жағдайы балаларынан айыратындай санатқа жатпайды. 

“Келдім, бәрін жуып тазалап, қайтадан ақтадым. Кейін әкімдіктен мектептен ұлымның мұғалімі келіп, суретке түсіріп әкетті. Балаларды алып кететінін ешкім ескерткен жоқ. Бұлай болатынын білгенде бір мәнісін ойластырар едім. Барлығы тез әрі бірден осылай болып кетті. Ауруханаға барып, балаларды алып кетемін деп ойлағам, бірақ берілмейтінін айтты”, – деді көпбалалы ана Ақбота Қожамқұлова. 

Пәтердің пеші шынымен де қанағаттанарлықсыз жағдайда. Сондықтан қамқоршылық органдары тұрғын үй мәселесі шешілгенге балалар бейімдеу орталығына орналастырды. Жалғызбасты ана пәтерде кезекте тұр. Бірақ ол баяу қозғалуда. Әйелдің бес баласы бар. Үлкені жақын арада үйге оралады. Қалғандары мектепте оқиды. Мұғалімдер тарапынан анасы ешқандай шағым жоқ. 

“Бізде балаларды отбасынан алшақтатып, ата-ана құқығынан айыруға ешқандай себеп жоқ. Тек балалардың қауіпсіздігі үшін әрекет етеміз. Отбасына беру үшін олардың қауіпсіздігіне, өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтініне сенімді болуымыз керек”, – деді Қостанай ауданының білім бөлімінің сектор басшысы Динара Ержанова.

Әкімдік заң бойынша жалғызбасты анаға қазір көмек қарастыра алмайтынын жеткізді.

“Әкімдіктің балансында бос тұрғын үй жоқ. Барлығы кезекте тұрғандарға уақытымен беріледі”, – деді Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Маржан Досқалиева. 

Бұл пәтерде көміртегі тотығы датчиктері жоқ. Пеш қазірдің өзінде ескірген. Мұнда өмір сүруді жалғастыру өте қауіпті. Бірақ отбасы басқа үйді жалға ала алмайды. Себебі тым қымбат.

Нәтижесінде комиссия көрші ауылда тұратын көп балалы ананың ағасының үйінде тұру жағдайларын тексеруге шешім қабылдады. Егер сұрақтар туындамаса, балалар сонда жіберіледі. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады