Діни қызметкерлер көше тазалаушыларға бауырсақ пен шай таратқан
Діни бірлестік өкілдері акция ұйымдастырған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада діни бірлестік өкілдері қала тазалығына жауапты коммуналшыларға ыстық шай мен бауырсақ таратты.
«Таза Қазақстан» экологиялық ақциясы аясында өткен іс-шара «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы және «1 наурыз – Алғыс айту күні» қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Акцияда барлығы 60 қызметкерге жуық қамтылды. Ұйымдастырушылар елорданың тазалығы мен қажымас еңбектеріне алғыс білдірді.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор