«Айтатын сылтау көп»: депутат фонограммамен ән айтуға тыйым салуды талап етті

Аиса Махамбет Редактор
26.02.2025, 11:17
677
«Айтатын сылтау көп»: депутат фонограммамен ән айтуға тыйым салуды талап етті бейнежазбадан алынған кадр

Мақсат Толықбай: Ақшасын төлеп, концертке барған көрермен неге фонограммамен тыңдауы тиіс?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай әншілердің фонограммамен ән айтуына қарсы шықты.

Депутат концертке билет алған тыңдарманның алдында әншілер жанды дауыста ән шырқауы тиіс деп есептейді.

Білесіздер, біздегі қолданыстағы заң бойынша әншілер фонограмманы пайдаланған кезде концерт ұйымдастырушылары ол туралы көрермендерді хабардар етуге міндетті. Бүгінгі әнші аузын жыбырлатып, фонограммамен айтады деп айтылуы тиіс. Бірақ ол ереже бізде мүлдем жұмыс істемейді. Сондықтан біз бұл заң жобасына фонограмманы пайдалануға тыйым салу туралы түзетулер енгізуді ұсындық. Бірақ министрлік мұны қолдап отырған жоқ. Айтатын сылтау көп. Өңірлерде техникалық құралдардың 70 пайызы тозған дейді. Бірақ біз норманы тағы да жеңілдетіп, мынадай механизм ұсындық, - дейді депутат.

Алайда министрлік тарапынан бұл ұсыныс та қолдау таппаған.

Концерт залы техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілсе, фонограмманы пайдалануға тыйым салынады дедік. Бірақ бұл норма да өткен жоқ. Мен бір әншінің әнін тыңдағым келсе,  YouTube-тан да тыңдай аламын, дискісін сатып алып, көлігімде отырып тыңдаймын. Бірақ ақшасын төлеп, концертке барған көрермен неге фонограммамен тыңдауы тиіс? Бұл талап орынды деп ойлаймыз. Екіншіден, бізге айтылып отырған тағы бір сылтау – білікті дыбыс режиссерлері жетіспейді дейді. Енді сұраныс болмағандықтан, әрине, жетіспейді. Фонограмманы алып тастаса, ең қымбат гонорарды дыбыс режиссерлары алар еді. Бұл да қиын деген соң жеңіл норма ұсындық. Егер орын жеткілікті түрде жабдықталмаған және концерттерге бейіделмеген болса, онда аудитория хабардар ете отырып, фонограммаға рұқсат етіледі дедік. Бірақ бұған да қарсы болып отырсыздар, - дейді Мақсат Толықбай.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды