2010 жылдан бері алимент төлемей жүрген ақтаулықтан сот 50 млн теңге өндіріп алды

26.02.2025, 16:22
418
2010 жылдан бері алимент төлемей жүрген ақтаулықтан сот 50 млн теңге өндіріп алды Sputnik / Владислав Воднев

Кірісін жасырып жүрген бизнесменнің балалары алдындағы қарызы 50 млн теңгеден асып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтау қаласының тұрғыны 2010 жылдан бастап ұлы кәмелеттік жасқа толғанға дейін алимент төлеуі керек болған, бірақ ол төлемеген.

2023 жылы жеке сот орындаушысы (ЖСО) оның алимент бойынша қарызын 50 млн теңге деп бағалаған.

Сот орындаушылары борышкер 2003 жылдан бері жеке кәсіпкер бола отырып (оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдана отырып) өзінің кірісін жасырып, алимент төлемей, сол арқылы ұлының құқығын бұзғанын анықтады.

Салық органдарының декларацияларына сәйкес, 2010 жылдың 2-тоқсаны мен 2016 жылдың 2 жарты жылдығы, 2020 жылдың 1-жарты жылдығы мен 2022 жылдың 2 жарты жылдығы аралығында борышкердің кірісі 200 млн теңгеден астам соманы құраған.

Борышкер ЖСО-ның қаулысымен келіспей,сотқа шағым түсірген.Маңғыстау облысының МАӘС-ы істі қарай отырып, жеке кәсіпкердің алимент сомасын және берешегін есептеу декларацияда көрсетілген мәліметтер негізінде салық төлеуші  таңдаған салық режимі негізінде жүргізілетінін атап өтті.Сот алименттерді ата-анасының нақты табысына сәйкес есептеу керектігін көрсете отырып, алимент бойынша берешек туралы ЖСО-ның есептеулерінің дұрыстығын растады.

Борышкер өз құқығын асыра пайдаланып, бұл шешімге апелляциялық және кассациялық сот сатыларына шағым түсірген, алайда сот актісі заңды күшіне енді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады