Елімізде оқушылар 6 миллионға дейін ақша ала алады

Аиса Махамбет Редактор
26.02.2025, 17:34
485
Елімізде оқушылар 6 миллионға дейін ақша ала алады NUR.KZ / Владимир Третьяков

Оқушыларға біржолғы төлем беріледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаттары білім және мәдениет мәселелері жөніндегі заң жобасына маңызды түзетулер әзірледі. 

Бұл түзетулер халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарына біржолғы төлем беру, жоғары оқу орындарының кейбір түлектерін грант өтеуден босату және грантты өтеуді кейінге қалдыру секілді мәселелерді қамтиды.

Жаңа заң жобасында жоғары оқу орнын мемлекет есебінен бітірген түлектерге қатысты маңызды өзгерістер қарастырылған:

Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған түлектер грантты өтеуден босатылады;

I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын қазақстандықтар да грантты өтеуден босатылады.

Бұл бастаманы заң жобасын әзірлеуші депутат Асхат Аймағамбетов пен Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдады.

Шетелдік жоғары оқу орындарына резидентураға, магистратураға, аспирантураға немесе докторантураға түскендердің грантты өтеу мерзімі кейінге қалдырылады. Мысалы магистратурада екі жыл оқыған түлек үшін грантты өтеу мерзімі осы кезеңге сәйкес ұзартылмақ.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дарынды балаларды қолдау жөніндегі бастамасын жүзеге асыру мақсатында Мәжіліс депутаттары халықаралық ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздарына біржолғы төлем енгізуді ұсынды:

Ең жоғары төлем мөлшері – шамамен 6 миллион теңге;

Жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдерді де ынталандыру қарастырылған.

Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл нормалар дарынды жастарды қолдау және олардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашу мақсатында қабылданып отыр. Спорт саласындағы олимпиада жеңімпаздарына берілетін сыйақылар секілді, ғылыми жобалар жеңімпаздарына да лайықты қолдау көрсетілуі тиіс.

Жаңа заң жобасы білім беру саласындағы әлеуметтік әділдікті арттыруға және Қазақстанның дарынды жастар қауымын қолдауға бағытталған. Бұл бастамалар жастардың білімін шыңдауына және халықаралық деңгейдегі ғылыми жетістіктерге жетуіне жол ашады.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды