«Қараңғылыққа апаратын кино»: белгілі кәсіпкер «Өнер қырандары» театры түсірген фильмді сынады

Аиса Махамбет Редактор
27.02.2025, 18:20
697
«Қараңғылыққа апаратын кино»: белгілі кәсіпкер «Өнер қырандары» театры түсірген фильмді сынады әлеуметтік желіден

Қазақтың қайтқан адамды жөнелту дәстүрін ашық мазақ қылу, қорлау дейді Ахметбек Нұрсила.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила “Өнер қырандары” түсірген “Молда” фильмін сынады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Желі белсендісі туындыны мектеп оқушысы қоятын қойылымға теңеді. 

"Молда" сияқты қараңғылыққа апаратын киноға 1,5 сағатыңды құртпау керек. Сценарийі 3-4 сыныптағы оқушылардың спектаклі сияқты екен. Ойдан құрастыра салған оқиғалар, ешбір қисынсыз, қараудың өзі ұят, ыңғайсыз. Бандиттің рөлі – баланың ойыны. Сөзі, қимылы әрекеті – жабайы. Өмірде ондай болуы мүмкін емес. Оқиға қиялы мүлде шындыққа жанаспайды: “Құдай маған көмекші жіберші” деп дұға жасаса, сол минутында көмекші молда сап етіп пайда бола қалады. "Құдайдан сұрасаң “форточкадан” бере салады" деген анекдотқа ұқсайды. Бір тиыны жоқ молда бір алқашқа 10 000 доллар қайырымдылық жасайды. Қазақтың қайтқан адамды жөнелту дәстүрін ашық мазақ қылу, қорлау”, – деп жазды Ахметбек Нұрсила. 

Одан кейін қоғам белсендісі дінге қатысты дүниенің бәрі қараңғылыққа апаратынын айтты. 

“Осы сияқты арзанқол дүниеге адамдар қырылып барып, көзін жұмып, ауыздарын ашып жатқаны шошытады. Қоғамның деңгейі қандай болып барады?! Біріккен Араб Әмірлігі қараңғылықтан шығуға бет алғанда, маған Қазақстан сол қараңғылыққа қарай желкенін көтеріп алып зулап бара жатқан кеме сияқты көрінеді”, – деп жазды бизнес саласының маманы. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)