Балконда қамалып қалған әжейді құтқарушылар аман сақтап қалды
Әженің 3 жасар немересі балконның есігін кілтеп қойған көрінеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында өрт сөндірушілер балконда қамалып қалған тұрғынды құтқарды.
Оқиға бойынша үш жасар кішккентай қыз есікті жауып, әжесі балконда қалып қойған. Әйел Щучинск қаласындағы Морозова көшесінде орналасқан үйдің үшінші қабатындағы балконнан ТЖМ құтқарушыларын көмекке шақырды.
ТЖМ құтқарушылары дереу жетіп, балконға баспалдақпен көтерілді. Содан кейін олар есікті ашып, пәтерге кірді. 1961 ж.т. әйел адам құтқарушылардың тез және үйлесімді жұмысының арқасында суықтан аман қалды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор