Талдықорғанда полиция бастығынан зорланған әйел де сотталып кетті

Аиса Махамбет Редактор
28.02.2025, 11:54
825
Талдықорғанда полиция бастығынан зорланған әйел де сотталып кетті әлеуметтік желіден

Әйел алаяқтық бойынша айыпталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғанда зорлау ісіне байланысты алаяқтық жасаған соттың бұрынғы хатшысы мен жәбірленуші 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

2024 жылдың қараша айында полиция бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы қызды өз кабинетінде зорлады деген айыппен 11 жылға сотталған болатын. Алайда бұл істі тергеу барысында жаңа қылмыстық эпизодтар анықталып, қосымша тергеу жүргізілді.

Оқиғадан кейін Күштібаевтың әйелі оның жазасын жеңілдетуге тырысқан. Ол сот хатшысына 40 миллион теңге беріп, жәбірленушіні айғақтарды өзгертуге көндіруге әрекеттенген. Егер бұл іске асса, қылмыстық бап қайта қаралып, жаза мерзімі қысқаруы мүмкін еді.

Жәбірленуші тек жазадан босатуға кепілдік берілген жағдайда ғана айғақтарды өзгертуге келіскен. Ол сотқа екі апта қалғанда ақшаны толық алған.

Алайда сот барысында жәбірленуші айғақтарды өзгертпеген, ал алынған қаражат Күштібаевтың әйеліне қайтарылмаған. Сот үкімі шыққаннан кейін Күштібаевтың әйелі ақшасын қайтаруды талап етті, бірақ сот хатшысы оны жәбірленушіге беріп қойғанын айтқан. Осыдан кейін алаяқтық фактісі бойынша полицияға арыз жазылды.

Бір жылға созылған тергеу нәтижесінде соттың бұрынғы хатшысы, жәбірленуші және оның бірге тұратын адамы алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ Георгий Жуков: «Қазақтар өздері қазақша сөйлесе, мен де үйреніп алар едім» АҚШ Иранмен кездесуге дайын екенін жеткізді Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның бауырын пышақтап тастаған (ВИДЕО) Сарапшы: «Иран әлі де ядролық бомба жасай алады» Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО)