«Өтірік айтып жүргенін білдім»: зейнеткен коуч Нұрлан Жанайға алданғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
28.02.2025, 13:10
591
«Өтірік айтып жүргенін білдім»: зейнеткен коуч Нұрлан Жанайға алданғанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Айтуынша, 12 миллион теңгені санап берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал коуч, квант техникасын үйретуші тәлімгер Нұрлан Жанайдың басы дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz жазды.  

"12 миллион теңгені санап берген": Коуч Нұрлан Жанайға алданған зейнеткер ақшасын қайтара алмай жүр

Астананың зейнеткер тұрғыны коучтың кітабына инвестор болып, жинап жүрген ақшасын санап берген. Алайда тәлімгерін таппай қалған. 

“Маусым мен шілде аяқталғаннан кейін өтірік айтып жүргенін білдім. 12 миллион теңгені санап бердім. Әйелі мен келіншегіне аудардым. Бір жылдан бері ала алмай жүргесін өзім де сұрай бастадым. Сол кезде 5 миллион теңгені қайтарды. Қалған 7 миллион теңгемді бермей жүр. Күн сайын “ертең беремін” деп алдады. Соңғы рет сөйлескенде “Банктен 8 миллион теңгені рәсімдеп қойдым. Сізге беремін” деді. Оны да күттім. Еш жауап жоқ. Адвокатым бар. Құзырлы органдарға шағым түсірдік. Бірақ қанша уақыт өтсе де, іс қозғалмаған”, ˜ – деді зейнеткер. 

Адвокаттың сөзінше, екі рет талап-арыз түсірсе де, айыпталушы тараптан жауап алмаған көрінеді. 

“Екі рет арыз жаздық. Олар ескерілмеді. Одан кейін полицияға да хабарластық. Алған ақшасын қайтармағаны үшін, барлық құжаттарды тіркеп заң аясында мәселенің шешілуін қаладық. Ақшаны бермей отырған адамнан сұрақ-жауап та алмаған”, – деді заң өкілі. 

Танымал желі жұлдызы, коуч-тәлімгер арна тілшісінің сұрағына жауап бермеді. Көмекшісі екі сағаттан кейін хабарласады десе де, кейін нөмерді бұғаттап тастаған. 

Жәбірленушінің айтуынша, Нұрлан Жанай журналистердің іс-әрекетінен кейін, адвокатына хабарласып, келісімге келу ұсынысын айтқан. Алайда зейнеткер бас тартып, алдағы уақытта басқа адамдарға зиянын тигізбеу үшін азаматтық сотқа жүгінбек. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды