«Күйеуімнің жалаңаш фотоларын көрдім»: келіншек түн ішінде 5 баласымен жалдамалы пәтерден қуылған

Аиса Махамбет Редактор
28.02.2025, 13:51
1304
«Күйеуімнің жалаңаш фотоларын көрдім»: келіншек түн ішінде 5 баласымен жалдамалы пәтерден қуылған бейнежазбадан алынған кадр

Алтыншы балама аяғым ауыр дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, түн ішінде бес баласы бар әйелді пәтерден қуып шыққан қожайынның тірлігі қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиғаның жай-жапсары “Дау-дамайсыз” бағдарламасында айтылды. 

“Қарасай ауданына қарайтын Шамалған ауылында тұрамыз. Өзім көпбалалы анамын. Алтыншы балама аяғым ауыр. Күйеуім – жұмыста. Бір апта бұрын түнде пәтер иесі бес баламен далаға қуып шықты. Балалардың киім-кешегі, өзіміздің жеке заттарымыз сол пәтерде қалды. Қазір бұрын араласқан, көрші болып тұрған апайдың үйіндеміз. Сол кісі бізді паналатты. Балаларымның тамағын беріп, үлкен ұлымды бокс үйірмесінен алып кетуге кеткем. Келсем, пәтерге кіре алмай қалдым. Кішкентай балаларымды үй иесі далаға сүйреп, ешқандай сырт киімін кигізбестен шығарып жіберген. Мен келгеннен кейін де бізді қондыруға рұқсат етпеді. Есікті ашпай, сырт киімдерімізді алуға да мүмкін бермеді. Бір балам үйде жалаңаш жүрген. Соны тек көрпеге орап, шығарып жіберген. Көріп отырғандарыңыздай, тыржалаңаш жүр. Көрші әпке бір бөлмелі пәтеріне алып келді. Осында тұрып жатырмыз. Төртінші күні балалар тісін жуып, киімдерін алмастырмады. Күйеуім де осы жағдай үшін жұмысқа бара алмады. Балалар сабақтан қалып отыр. Мүлдем мектептен қалмайтын. Сабақтарын жақсы оқитын. Оқу құралдары түгел пәтерде қалды. Үй иесімен де әлі хабарласа алмай отырмыз. Таныс емес нөмерлерді алмайды”, – деді келіншек. 

Бес баламен далада қалған отбасының отанасы Назерке тағы бір мәселенің шетін шығарды. Сөзінше, пәтер иесі мен күйеуі жақын қарым-қатынаста болған көрінеді. Ашуға мінген қожайын келіншек күйеуінен кек алу үшін осындай әрекеткен барған. 

“Менің телефонымды қолымнан тартып алды. Өйткені ол жақта күйеуім екеуінің жалаңаш фотолары бар еді. Соны көрмесін немесе таратып жібермесін деп телефоныма жабысты. Бес бала тұрғанда күйеуімнен кете алмаймын. Тағы да босанайын деп отырмын. Өзім 7-сынып оқитын кезде әкемнен айырылдым. Анама қандай қиын болғанын білемін. Үнемі кешіріп, көз жұмуға тура келді. Даудың басы да сол телефон үшін басталды. Күйеуіме қой деп те айттым. Екеуі қосылып, жақын қатынасқа түседі деп ойламадым. Ол кісінің мінезі жақсы. Балаларына жақсы қарайды. Айтқанының бәрін істейді”, – деді көпбалалы ана. 

Бір ауладағы 10 пәтерін жалға беріп отырған Салтанат есімді келіншек осы оқиғадан кейін ізін суытқан. Құзіретті органдардың да, әкімнің де телефонын алмайтын көрінеді. Алайда бір танысы оның қаладағы массаж орталығында жұмыс істейтінін айтып қойды. 

“Адам аласы ішінде деген рас екен. Ішіп тұрғасын телефонын алдым. Ержанға (ред – Назеркенің жолдасы) жалпылдап, соның ғана сызғанымен өмір сүрдім. Ол өзі менің есігімді қағып, мазамды ала берді. Жүйкем тозып кетті. Мен қарсы болсам, “Сен жаман деп айтамын, жұртқа масқараңды шығарамын” деп қорқытты. Ұлымды ойладым. Ол мен уысына алдап түсірді. Ержанды қаматпай, тыныштық таппаймын”, – деді пәтер иесі. 

Бағдарлама соңында, дауға айналған көпбалалы келіншектің мәселесі шешіліп, Шамалған ауылының басқа жерінен жайлы пәтер табылды. Балалар да мектептеріне барды. Көпбалалы отбасының ендігі өмірі жергілікті биліктің назарында болмақ. Пәтер иесі заңды бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын жеткізді. 

«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты