«Гонорарыма екі бөлмелі пәтер алдым»: Рахман Омар Назарбаев әулетінің тойында асаба болған кезін есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
28.02.2025, 14:34
1812
«Гонорарыма екі бөлмелі пәтер алдым»: Рахман Омар Назарбаев әулетінің тойында асаба болған кезін есіне алды бейнежазбадан алынған кадр

Рахат Әлиев Елбасы сөйлегенде әр сөзіне қадалып, мырс етіп күліп отырды дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актер Рахман Омар осыдан 20 жыл бұрынғы естелікті бөлісті. Бұл туралы Stan.kz жазды.  

Театр майталманы Назарбаев әулетіндегі отбасылық басқосуды Дулат Тастекеймен болған сұхбатта есіне алды. 

“2004 жылы Елбасымыздың үйіндегі жаңа жылдық кешті жүргіздім. Өздерінің жақындары ғана жиналған кеш болды. Балалары, немерелі және құда-құдағиларын шақырды. Құлыбаевтар мен Әлиевтер әулетінің үлкендері келді. Тимур Құлыбаевты сол кезде бірінші рет көрдім. Өте жинақы адам екен. Бәріне мән беріп, ұқыпты отырды. Ал, Әлиев ондай емес екен. Елбасы сөйлегенде әр сөзіне қадалып, мырс етіп күлді. Мен шошып кеттім. Тіпті, аяғын америкалықтар секілді үстелдің үстіне шығарып қойды. Сол кезде Назарбаевтың түрі бұзылып кетті. Ол кезде Әлиев ҰҚҚ-ны басқарып тұрған еді. Көрдіңіз бе, кедей бай болсам, бай құдай болсам дейді. Депутаттардың өзі қорқып жүретін”, – деді актер. 

Одан кейін театр жұлдызы той жүргізіп, ең көп қаламақы алғанын да айтты. 

“Асаба болуыма балам себепкер болды. Үш жастағы балам нанға май жағып жегізі келіп, менен сұрады. Оны алатын ақша жоқ еді. Содан тойларды жағалай бастадым. Үйден дайындалып, Төлеген мен Мұқағалидың өлеңдерін жаттаймын. Алдымен тойбастар тарататын көмекші болдым. Кейін асаба болып қызмет жасадым. Назарбаевтар әулетінің жабық кештерін көп жүргіздім. Ең көп төлеген гонорарға екі бөлмелі пәтер алдым”, – деді киножұлдыз. 

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)