Visa Stay Secure: тұтынушылар цифрлық транзакциялардың өсуіне байланысты төлемдерін белсенді түрде қорғайды

28.02.2025, 17:53
588
Visa Stay Secure: тұтынушылар цифрлық транзакциялардың өсуіне байланысты төлемдерін белсенді түрде қорғайды VISA

Қазақстандық респонденттердің 47%-ы алаяқтық қаупіне қарамастан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді жиірек пайдалануды жоспарлап отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Visa компаниясының жаңа зерттеуі Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка (CEMEA) өңірінде тұтынушылардың цифрлық төлемдердіңқауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын белсенді қолданатынын және бұл саладағы хабардарлығының артқанын көрсетті.

Тоғыз жыл қатарынан өткізілетін Stay Secure аттызерттеуге CEMEA өңірінің 17 елінен 5 800 ересек адам қатысты. Нәтижесінде, 97% тұтынушыонлайн-транзакцияларға қатысты қорғау шараларын қолданатыны анықталды. Бұл қолма-қолақшасыз төлемдердің кеңінен таралуы аясында цифрлық сауаттылықтың артқанын көрсетеді.

Көптеген респонденттер кибералаяқтық қаупін түсінеді, оның ішінде сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 50%-ы алаяқтардың құрбаны болған. Дегенмен қауіпсіздік шараларын жиі қолдану және сенімді аутентификация әдістерін таңдау тұтынушылардың мінез-құлқының 2023 жылмен салыстырғанда оң өзгергенін көрсетеді. Адамдар күмәнді белгілерді жақсырақ тани бастады және онлайн-операциялардың түпнұсқалығын жиі тексереді, бұл олардың хабардарлығының айтарлықтай артқанын білдіреді. Мысалы, өңірде сауалнамаға қатысқан адамдардың 97%-ы онлайн-алаяқтықты анықтау бойынша білімдерінің жеткілікті екенін мәлімдеді (2023 жылы – 92%).

Зерттеу сонымен қатар өңірде цифрлық төлемдердің тұрақты өсімін дәлелдейді: респонденттердің 3/4 бөлігінен астамы қауіптерге қарамастан, цифрлық төлемдерге сенетінін айтты. Ал Қазақстандағы респонденттердің 47%-ы келесі жылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жиірек пайдалануды жоспарлап отыр.

«Цифрлық төлемдер саласы қарқынды дамып келеді, ал Қазақстандағы пайдаланушылар мұндай шешімдердің ыңғайлылығын бағалап қана қоймай, қауіпсіздік мәселелеріне де мұқият қарай бастады, – деді Visa компаниясының ТМД, Украина, Грузия және Оңтүстік-Шығыс Еуропа бойынша аға вице-президенті және аймақтық менеджері Кристина Дорош. – Қаржылық сауаттылық – алаяқтықпен күресудің басты құралдардың бірі, ал саладағы барлық қатысушылардың ынтымақтастығы жаңа қауіптерге тиімді қарсы тұруға көмектеседі. Алаяқтық схемалары күрделене түскен сайын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету басымдыққа ие болуда, себебі адамдар өздерін қорғау үшін нақты шаралар қабылдайтын серіктестерге көбірек сенім артады».

Stay Secure зерттеуі тұтынушылардың өзгеріп жатқан таңдауларын көрсетеді, бұл Visa серіктестеріне сенім стратегияларын қалыптастыруға және клиенттерін алаяқтықтан қорғауға арналған оқыту материалдарын әзірлеуге көмектесе алады.

Visa Stay Secure зерттеуінің негізгі қорытындылары:

Қазақстандық пайдаланушылардың 79%-ы онлайн-төлемдер жасаған кезде өздерін сенімді сезінеді, егер жеке басын растау үшін мәтіндік код енгізу немесе сатушы жіберген сілтеме бойынша өту қажет болса.
Пайдаланушылардың 66%-ы смартфон қосымшалары арқылы мобильді төлемдерді артық көреді.

Қауіпсіз цифрлық болашақты қамтамасыз етуге арналған Visa міндеттемелері

Visa компаниясы төлемдер саласында жасанды интеллектті пайдаланудың алдыңғы қатарында тұр, ол соңғы он жылда жасанды интеллект пен деректер инфрақұрылымына $3,3 миллиард инвестициялады. 2024 жылы компания Visa Protect платформасы аясында жасанды интеллект негізінде үш жаңа шешім ұсынды. Олар шоттан шотқа (A2A) лезде аударымдар, карта арқылы онлайн-транзакциялар (CNP), сондай-ақ Visa желісінің ішінде және одан тыс жүргізілетін операциялар кезінде алаяқтық деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Visa – әлемдегі ең ірі SaaS-платформа ретінде киберқылмыспен күреседі, озық құралдар мен сараптамалық білімді пайдалана отырып, алаяқтықты анықтау және болдырмау үшін тиімді процестерді қолданады.

Нәтижелері өздігінен көрсетіп отыр: соңғы жылы Visa $40 миллиард сомасындағы алаяқтық операциялардың алдын алды, 80 миллион күдікті транзакцияны бұғаттады және зиянды бағдарламаларды анықтау арқылы e-commerce секторы

Ұлттық нақыштағы киім киген алматылық мысықтар көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО) Салмағы өзінен 2 есе ауыр қошқарды 100 рет көтерген әйел ерлерді басып озды «Барыс» клубының бас бапкері қанша айлық алатыны белгілі болды Қазақстан елшісі Мысыр президентіне сенім грамоталарын тапсырды Қызылорда облысында батпаққа батқан түйе құтқарылды Ақмарал Науатбек - Әлем кубогының жеңімпазы Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ұлттық спорттың болашағы: Жаңа форматтағы пікірсайыста қандай ұсыныстар айтылды? Бекет Ата жерасты мешіті табиғи газға қосылды «Қандай әңгіме айтсақ та, Путин соғысты тоқтатуы керек»: АҚШ пен Украина арасындағы келіссөз өтті Құлсары маңында су тасқынына қарсы 4700 қап дайындалды 24 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды «Болашақ палуан»: Қозыны 30 рет көтеріп тұрған маңғыстаулық бүлдіршін жұртты тәнті етті (видео) Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған әншіге айыппұл салынды «Миллион ақша салса да, елене алмай жүр»: Гүлзира Айдарбекова танымалдыққа қатысты пікір білдірді «Бала сүйе алмайтынымды әйеліме бір ай бойы айта алмадым»: «Мақсат пен Мақсат» тобының әншісі жан сырын ақтарды (ВИДЕО) Енді eGov арқылы жеке дерегің тарап кеткенін білуге болады Наурыз мейрамы қарсаңында үшем босанған көпбалалы ана перзентханадан шықты Астанадағы элиталық тұрғын үй маңынан жас жігіттің денесі табылды Арғын Нығматулин қылмыстық іс қозғалғанға дейін елден кетіп қалғаны белгілі болды