Айтыскер-шенеунік Әнуар Омаров 6 жылға сотталды

Аиса Махамбет Редактор
28.02.2025, 19:09
783
Айтыскер-шенеунік Әнуар Омаров 6 жылға сотталды жеке мұрағатынан

Ақын осымен үшінші рет сотқа тартылып отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлытау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омарға қатысты үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Жезқазған қалалық соты облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омарға және оның қарамағындағы – тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Сарбаеваға, "Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы" КМҚК басшысы Г. Жолашароваға және "Тілдерді дамыту ресурстық орталығы" КММ басшысы Ж. Оспановаға, жеке компанияның өкілі О. Талғатқа қатысты үкім шығарды.

Олар Жезқазған қаласында 3,9 миллион теңге сомасына мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде қосымша келісім жасасу арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Омар 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал қылмыстық істің қатысушыларына 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сонымен қатар сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін, Әнуар Омар сыбайлас жемқорлық үшін екі рет сотталған. 2024 жылдың наурыз айында сот оны Ұлытау өңіріндегі көне қорымдарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу туралы актілерге қол қойғаны үшін 2 миллион теңге пара алды деп айыптаған. Онымен бірге Тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының басшысы да сотталды.

2024 жылдың тамыз айында Омар 2,3 миллион теңге жымқырғаны үшін тағы да сотталды. Ол ғылыми мақалалар жинақтарын басып шығаруға бюджет қаражатын заңсыз аударған. Ақырында ол ешқайда жарияланбаған.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады