Маңғыстаудағы мұнай мен емдік-минералды су кен орындарын ашқан ғалым көз жұмды

03.03.2025, 10:13
454
Маңғыстаудағы мұнай мен емдік-минералды су кен орындарын ашқан ғалым көз жұмды satbayev.university

Ғалым 82 өнертабыстың авторы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Энергетика министрлігінің ұжымы мұнай-газ саласының көрнекті қайраткері, техника ғылымдарының докторы, Маңғыстау облысындағы мұнай және емдік-минералды су кен орындарын ашқан ғалым Олег Сергеевич Герштанскийдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Бұл туралы Kazinform жазды.

О.Герштанский 1978 жылдан бастап өмірінің соңына дейін мұнай-газ саласындағы түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерде еңбек етті.

Мұнайшы-геологтардың қазақстандық қоғамының, министрліктің жанындағы Көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясының мүшесі болды, «KAZENERGY» қауымдастығының Ғылыми-техникалық кеңесіне кірді, 100-ден астам ғылыми мақаланың, 82 өнертабыстың және 5 монографияның авторы.

Еңбек жолындағы ерекше жетістіктері үшін ол мемлекеттік марапаттармен - «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және басқа да медальдармен, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген геологы», «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атақтарымен марапатталды.

- Олег Сергеевич жарқын ғұмыр кешті, әрдайым белсенді азаматтық ұстанымда болды, оны терең адамгершілік қасиеттері, жоғары кәсібилігі және өз ісіне деген адалдығы ерекшелендірді.

Геологтар мен геофизиктер қауымдастығы өзінің ең қымбатты мүшелерінің бірін – еліміздің мұнайшылар дәстүрін сақтаушы әрі қорғаушы тұлғасын жоғалтты, - деп жазды ведомстводан.

Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты