«3 күнде 32 млн теңге»: Сыныптастарынан зәбір көрген семейлік балаға қазақстандықтар пәтер алып берді
Баланың отбасы Қазақ еліне алғысын айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде бір топ жасөспірім аяусыз соққыға жыққан оқушыға қазақстандықтар 32 миллион теңге жинап, пәтерлі болуына көмектесті. Балаға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Семейлік блогер Аида Жүнісова 3 күнде Алинұрға 32 миллион теңге жиналғанын айтты. Ол пәтер тауып, кілтін балаға табыстағанын көрсетті.
Сөзінше, соққыға жығылған жасөспірім қазір оңалып келеді. Ашылып сөйлеп, қоғамға бейімделіп жатыр дейді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші