841

Атырауда қараусыз қалған ғимараттан 1987 жылғы ер адамның мәйіті табылды

Полиция суыққа тоңып қайтыс болған болуы мүмкін дейді.

Атырауда қараусыз қалған ғимараттан 1987 жылғы ер адамның мәйіті табылды
iStock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 наурыз кешкі уақытта Атыраудағы Сырым Датұлы көшесінде қараусыз қалған ғимараттардың бірінен ер адамның мәйіті табылды. Ол үйсіз-күйсіз жүрген адам болуы мүмкін. Бұл туралы Ақжайық басылымы жазды.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары дереу жеткен. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша ер адам суыққа тоңып қайтыс болған болуы мүмкін. Бірақ өлімнің нақтысы себебі сот-медициналық сараптамадан соң белгілі болмақ.

Полицияның мәліметінше, марқұмның жеке басы анықталған. Ол 1987 жылы туған ер адам. Денесінде қандай да бір жарақат белгілері табылмаған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор