Талдықорғанда мектеп әжетханасындағы сұмдықтан соң бірнеше адам жұмыстан қуылды

Аиса Махамбет Редактор
03.03.2025, 14:15
1497
Талдықорғанда мектеп әжетханасындағы сұмдықтан соң бірнеше адам жұмыстан қуылды бейнежазбадан алынған кадр

Жоғары сынып оқушылары баланы дәретханаға кіргізіп аяусыз қорлаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мектеп оқушыларының дәретханадағы ойыны қоғамды дүр сілкіндірді.

Әлеуметтік желілерде Талдықорғандағы мектептердің бірінде түсірілген видео тарады. Видеода жоғары сынып оқушылары бір оқушыны дәретханаға кіргізіп, оны қорлап, былапыт сөздер айтып жатқаны көрінеді. Оқиға Абай атындағы мектепте болғаны хабарланып, ата-аналарға балаларына ерекше бақылау жасау керектігі ескертілді.

Талдықорғанның білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі методисі Ұлжанат Жақұбаеваның айтуынша, дәретханада болған оқиғаға қатысты барлық қатысушылар мен олардың ата-аналары анықталған.

Оқушылармен және ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Барлық тараптардың бір-біріне шағымы жоқ. Қазіргі уақытта ақпарат полиция басқармасына жіберілді, – дейді Ұлжанат Жақұбаева.

Оқиғаға кінәлі оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынғаны белгілі болды.

Талдықорған білім басқармасының басшысы Шынар Шәріпбаеваның мәлімдеуінше, оқиғаға қатысы бар оқушылар есепке алынып, 9-сынып оқушыларымен арнайы әңгіме жүргізілген. Қазіргі уақытта олардың психологиялық жағдайы тұрақты.

Дүйсенбіден бастап сынып жетекшісі мен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары жұмыстан кетеді. Ал мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды, – деді Шынар Шәріпбаева.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді