«Керек десе президентке хабарлас!»: FlyArystan спортшы балаларды ұшаққа отырғызғысы келмеген

Аиса Махамбет Редактор
03.03.2025, 15:35
703
«Керек десе президентке хабарлас!»: FlyArystan спортшы балаларды ұшаққа отырғызғысы келмеген facebook.com / azamatyergaly

Әрқайсысы үшін 500 теңге талап етті дейді ата-аналар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадан өз үйіне қайтпақ болған Ақтаулық жас спортшыларға FlyArystan әуе компаниясы дөрекілік танытты деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Ата-ананың айтуынша, әуе компания қызметкерлері Астана әуежайында балаларға дөрекілік танытып, қатаң түрде тексерген. 

Мәліметке сәйкес, 6 мен 11 жас аралығындағы жас гимнастшылар командасы жарыста сәтті өнер көрсетіп, Астанаға оралған. Оның ішінде Қазақстан мен ТМД чемпиондары бар.

Алайда, спортшылар, олардың жаттықтырушысы және ата-аналары FlyArystan стендіне келгенде, күтпеген жағдайға тап болған. 

"Біз онлайн тіркелдік. Балалардың қолында құрал-жабдықтары мен сыйлықтары бар қол жүгі болды. Бірақ кассада қызметкерлер отырғызу талондарын басып шығаруға мәжбүрлеп, әрқайсысы үшін 500 теңге талап етті. Оның үстіне қызметкерлер дөрекі сөйледі", – дtді ата-аналардың бірі.

Сосын ұшаққа отырғызатын есіктен өткен соң кездейсоқ тексеру басталған. 

"FlyArystan қызметкерлері балалардың жүгінде артық салмақ барын айтып, жүктерін өлшеп, Kaspi терминалы арқылы төлеуді талап етті. Тіркеу кезінде таразы болған жоқ. Олар бізден ашық түрде ақша бопсалады!", – дейді ата-аналар.

Содан кейін олар балаларды бортқа жібермейміз деп қорқытқан. 

"Кешігіп қалдыңдар, балалар Астанада қалады деп айғайлады. Сағат 22:00-де кассада болдық, ал рейс 23:25-те ұшуы керек еді. Қыздар қорқып жылады", – дейді қыздардың ата-анасы.

Ата-аналар қарсылық білдіруге тырысқанымен әуе компаниясы қызметкерлері оларды келеке еткен. 

"Керек десе президентке телефон соғыңдар. Бізге бәрібір!", - деген авиакомпания өкілдері.

Ұзақ жанжалдан кейін олар балаларды бортқа жіберген. 

"Стюардессалар: "Сіздің кесіріңізден рейс кешігіп жатыр. Біз тезірек қозғалайық" деп айтты. Балаларға жүктерін қоюға ешкім көмектеспеді", – деді ата-аналар.

Әуе компаниясы өз қызметкерлерінің әрекеттері ережелерге сәйкес келетінін айтты.

"Жолаушыларға жолжүктің рұқсаты туралы алдын ала хабарланған. Егер артық салмақ болса, олар артық затқа төлем жасауы керек. Біздің қызметкерлер нұсқауларға сәйкес қатаң түрде әрекет етті", – деді FlyArystan өкілі.

Алайда, ата-аналар әділдікке жетуді көздеп, Азаматтық авиация комитетіне ресми шағым дайындап жатыр. Олар тергеу жүргізіп, кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр. 

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды