Әкімнің жаңа орынбасары Руслан Берденов: «Шымкентте жемқорлық 100 пайызға жойылды»
Бұрын болған сыбайлас жемқорлық деректері қазір жоқ дейді Берденов.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жақында ғана Шымкент қаласының әкімі орынбасары болып тағайындалған Руслан Берденов күтпеген мәлімдеме жасады.
Оның тілшілердің сауалына берген жауабында қалада құрылыс пен мемлекеттік сатып алу салаларында жемқорлық толыққанды жойылды деп отыр.
Мемлекеттік сатып алулар бойынша – бізде бұрын болған сыбайлас жемқорлық деректері қазір жоқ. Мен мұны ашық, ресми түрде айта аламын және бұл тек менің емес, бұл осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің сөздері. Қазір құрылыс саласында, мемлекеттік сатып алуларда сыбайлас жемқорлық жоқ, – деді Берденов.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор